Қоғам • 05 Қаңтар, 2021

Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері

993 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау минис­тр­лігі Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­нис­трлігі, Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкі (От­ба­сы банкі), Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қо­ры­мен бірлесіп, азамат­тарға қосымша меди­ци­на­­лық қызметтер алуға мүм­­кіндік беретін емделуге ар­налған біржолғы зей­нет­ақы төлемдерін пайдала­ну ере­же­сінің жобасын әзір­ле­ді.

Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Бұл туралы жуырда Пре­зи­дент жанындағы Орталық ком­муникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Меди­ци­налық көмекті ұйым­дас­ты­ру департаменті ди­рек­то­рының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева мәлімдеді. «Ере­же­де емделуге біржолғы зейнет­ақы төлемдерін алу тәр­тібі және біржолғы зей­не­тақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызмет түрлерінің тізімі айқындалған», деді Г.Сәрсенбаева.

Тізбеге сәйкес қазақ­стан­дықтар уәкілетті орган бе­кіт­­­­­­кен тізім бойынша орфан­дық ауруларға қымбат ем қа­был­­дайды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер, Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында көрсетілетін стоматологиялық қызметтерді, операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, радионуклидтік және радиойодтерапияны талап ететін ауруларды түзету мақсатында реконструкция­лау және қалпына келтіру (плас­тикалық) операцияларын ала алады, радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, кибер пышақ), протондық терапия, отандық медициналық ұйымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сана­то­рий-курорттық жағ­дай­лар­да медициналық оңалту, офтальмологиялық қызметтер (көру қабілетін лазермен түзету, мультифокальді линза­ларды пайдалана отырып катарактаны емдеу, ангиогенез тежегіштерін интравитриальді инъекциялар) көрсетіледі.

Емделуге берілетін бір­жолғы зейнетақы төлемі жет­кілікті болған жағдайда, аза­­мат медициналық қыз­мет тү­р­­лерінің тізбесіне сәй­кес бір­­жолғы зейнетақы тө­лем­­дері есебінен емделуге жі­беру туралы дәрігерлік комис­сия­­ның қорытындысын алу үшін өзі тіркелген жердегі меди­циналық ұйымға жүгінеді. Қа­лауы бойынша шетелдік, отандық медициналық ұйым­ды таңдайды және емдеу туралы шарт жасасады. ЭЦҚ көмегімен уәкілетті опера­тор­дың интернет-ресурсында авторизацияланады және өзінің жеке кабинетін ашады. Жеке кабинетте сомасын (бірақ қаражатты алуға рұқ­сат етілетіннен аспайтын), пай­далану мақсатын көрсете оты­рып, біржолғы зейнетақы төле­мі­не арналған электрондық өтінішті толтырады, дәрігерлік комиссия қорытындысының сканерленген көшірмелерін, медициналық ұйыммен емдеу туралы шартты тіркейді және өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.

Уәкілетті оператор алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақ­са­ты бойынша құжаттарды тексергеннен кейін және сәйкес келген жағдайда оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде азаматтың таңдаған ме­дициналық ұйымы бойын­ша қаражатты аударады. Сондай-ақ ережеде емдеу үшін жұба­йы­ның (зайыбының), жақын туыстарының біржолғы зей­нет­ақы төлемдерін пайда­ла­нуға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда тараптар жеке кабинетте туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса бере­ді, олардың ЭЦҚ-мен куә­ландырылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.