10 Желтоқсан, 2013

Газетпен бірге жасасып келемін

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Менің жасым 85-тен асты. Ес жиып, етек жапқан кезден бастап  ұжымшарда еңбек еттік, соғыс басталған кезде өзіммен құрдас 13 жастағы ауыл балаларымен бірге таңның атысынан күннің батысына дейін қоғамдық малды бағып, жазда шөп шаптық, егін ектік. Бұдан кейін бірнеше кеңшардың бөлімшелерін басқардым, ұжымшар төрағасының орынбасары болдым. Ота­­­­ны­мыздың бас газетін оқы­ға­ныма 65 жылдан асыпты.

Абай хакім айтқандай, «қартайып, қайғы ойласақ та» «Егемен Қазақстан» газетін оқып тұрамын. «Еге­мен» – ел газеті. Тұң­­ғыш Президентіміз Н.На­зар­баевтың саясатын қалың жұртшылыққа жеткізіп, оқырмандарын елімізде болып жатқан елеулі жаңа­лықтармен сусындатып отырған басылымның таралымы жыл сайын артып келеді. 2014 жылға бас басылымға ауданның бір мыңнан астам оқырмандары жазылыпты.

«Егемен Қазақстан» шал­ғайда жатқан Зайсан ауданындағы өркенді өзгерістер жайлы да қалам сілтеп отырады. Бір ғана мысал. Зайсанның көмірі жайлы бұдан бұрын да бірнеше рет мақала жарық көрді. «Лаула, Зайсан алауы» деген мақаланы да оқып шықтым. Бұл өңірден мұнай қоры да табылды. Оны халық игілігіне жаратуда көп істер атқару керек.

Зинабек ЗАЙНУЛДИН,

еңбек ардагері.

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19