Ауа райы • 05 Қаңтар, 2021

Елімізде қатты аяз болады

1649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, аяз болады. Республика бойынша кей жерде 6 қаңтарда 40 градус аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елімізде қатты аяз болады

Синоптиктердің мәліметінше, 6 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде минус 40 градусқа дейін қатты аяз болады. Өскемен мен Риддерде екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар сақталатыны айтылады.

Жамбыл облысында 6-8 қаңтарда, ал Батыс Қазақстан облысында тек 6 қаңтарда тұман түседі.

6 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.