10 Желтоқсан, 2013

Павлодарда жасөспірімді өлтірген айыпкердің кінәсі дәлелденді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 12-BuktorПавлодар облысында 14 жасар оқушыны өлтірді деген күдікпен қамауға алынған Виктор Бахаревтің қылмысын арнайы кешенді жүргізілген сараптама қорытындысы дәлелдеп берді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Естеріңізде болса, Евгеньевка ауылында із-түссіз жоғалып кеткен 8-сынып оқушысы Анастасия Шарипованың мәйіті араға екі аптаға жуық уақыт салып табылған болатын. Осы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жүргізген тәртіп сақшылары басты күдікті ретінде В. Бахаревті қолға түсірген еді. Сол кезде оның өзі де жасаған қылмысын мойындады. Алайда, марқұм болған қыздың ата-анасы В. Бахаревтің кінәлі еместігін айтып, баламызды өлтірген адам жасырынып жүр деген-ді. Жақын арада Астанадағы медициналық сараптама орталығында жасалған генетикалық сараптама күдіктінің осы іске қатысы болғанын дәлелдеп берді. Сондықтан құқық қорғау қызметкерлері бұл оқиға төңірегінде айтылған басқалай пікірлерді қаңқу сөзге жатқызып отыр.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19