10 Желтоқсан, 2013

Қазақ тілді интернеттер қадамын жаза бастады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 12-KaznetҚазақ тілді сайттар арасында тұңғыш рет өткен "Қазнет-дода" байқауының жеңімпаздары анықталды. 9 аталым бойынша ұйымдастырылған сайыста 92 сайттың арасынан «Нұрмедиа» холдингінің «Munara.kz» сайты бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жалпы, әлем бойынша ақпарат алмасудың жаңа түрі –интернет желісі қолданысқа енгелі оны тұтынушылар қатары жыл сайын артып келеді. Бұл жүйенің техникалық мүмкіндігін арттыру, жаңа бағдарламаларды енгізу білікті мамандардың көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Ал осы міндеттер байқауда басты талап ретінде алға қойылды.

Сайыстың ойдағыдай өткізілуіне республикалық «Егемен Қазақстан» газеті ,«Beeline Қазақстан» компаниясы мен «Эталон-авторесурс» ЖШС демеушілік жасады. «Қазір бізде интернет жүйесін дамытудың нақты бір ісі қолға алынды. Бұл жерде ақпаратты орналастыру мен сақтаудың маңызы алдыңғы кезекке шығып отыр.Сондай-ақ, барлық құрылымдарға тиімділігін тигізетін бағдарламалардың орны ерекше. Сондықтан біздің компания осы істі жүйелеу мақсатын көздеген сайысқа қолдау көрсетті»,-дейді «Beeline Қазақстан» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Қырмызы Төребаева.

Астана интернет форумы аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген сайыста бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жалпы көпшілік қауым қазақ тілді интернетті меңгерудің тәсілін үйренді. Қорытындысында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Egemen.kz

Соңғы жаңалықтар