20 Сәуір, 2010

АҚТАУДА ҰРШЫҚ БУЫНЫ АЛҒАШ РЕТ АУЫСТЫРЫЛДЫ

996 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маңғыстау облыстық ауру­ха­на­сында аймақ тарихында алғаш рет жамбастағы ұршық буынын ауыс­ты­ру отасы ойдағыдай өтті. Рес­пуб­ли­калық Травматология және ор­то­педия институтының бел­гілі маман­да­рымен бірге, маң­ғыс­таулық ма­манд­ар бір күнде үш нау­қасқа жаңа технологиямен жа­салған ұршық буынын ауыстырды. Күр­делі отаны аталмыш инс­ти­туттың бөлімше мең­герушісі, ме­ди­цина ғылымдарының кан­дидаты Алексей Белокобылов, об­лыстық ау­ру­хананың трав­мато­логия бөлі­мінің меңгерушісі Аман­қос Шау­хым­бердиев бастаған ма­мандар ой­да­ғыдай өткізді. Сәтті өткен ота нә­тижесінде, үш науқас та өз аяқ­та­­рына тұрып, үйлеріне қайтқалы отыр. Осы ретте облыстық әкімдіктің қолдауымен жақында ғана жаңа технологиямен жасалған жасанды ұр­шық буындарын алу үшін 43 мил­­лион теңге қаражат бөлін­ген­дігін осы бір қауіпті дертке орай ке­­зекте тұрғандарға жасалған игі­лік­ті іс-шара деуге әбден болады. Ал алғаш рет жасалған үш ота “Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің” аясында қолға алынып, жүзеге асты. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.