10 Желтоқсан, 2013

Оңтүстікте мал ұрлаған полицейге іздеу жарияланды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 12-ZilkiОңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері мал ұрлығымен айналысқан топқа қолдау көрсеткен. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Мал ұрлаушыларға қолдау білдірген тәртіп сақшысы Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет істеген. Аға лейтенант шеніндегі бұл азамат өзінің сыбайластарына жол бойындағы бекеттерден малды кедергісіз алып өтуіне ықпал жасапты. Оңай олжаға кенелгендердің осы әрекеті жарты жылдан кейін ғана әшкере болды. Олар бір ғана Ордабасы ауданының 60-тан астам жылқысын қолды қылған. Ал ауыл тұрғындарына 3 айда келген жалпы шығын 15 млн. теңгені құрайды.

Ұйымдасқан топ малдарды «Камаз» көлігіне тиеп, Түркістан қаласының тұрғындарына саудалаған. Алайда, мал ұрлаушы – бұрынғы полиция қызметкері мен оның сыбайласына іздеу жарияланды. «Ішкі істер бөлімінің қызметкері қызмет бабын асыра пайдаланып, мал ұрлағандарға көмек көрсеткен. Осыған байланысты оны ішкі істер бөлімінен босату туралы шешім қабылданды»,-дейді облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Салтанат Қаракөзова.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19