10 Желтоқсан, 2013

Аргентинадағы тәртіпсіздіктер кезінде бес адам қаза болды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 12 - ArgentinaАргентинада орын алған жаппай тәртіпсіздіктердің нәтижесінде бес адам қаза тапты. Бұл туралы Newsru.com хабарлады.

Аргентинада полиция қызметкерлері жалақы мөлшерлерінің көбейтілуін талап етіп, ереуілге шыққан болатын. Мұны пайдаланған халық дүкен мен басқа да сауда орындарын бұзып кіріп, оларды тонай бастаған. Мұндай тәртіпсіздіктер Аргентинаның 19 провинциясында болып жатыр. Қазір бұл деректерді айғақтайтын бейнематериалдар интернет бетінде қаптап жүр. Онда заң алдында жауапқа тартылмайтындарына сенген адамдардың дүкен терезелерін шағып, керек-жарақтарын арбамен сүйретіп шығып жатқандары бейнеленген.

Прокуратура қызметкерлері тонаушыларға қарсы қылмыстық іс қозғайтындарын ескертті. Ал жергілікті билік елдегі орын алған жағдайға полиция қызметкерлерін кінәлауда. Мұндағы тәртіпсіздіктер бір апта бұрын Кордова провинциясында бастау алған. Жергілікті тәртіп сақшылары жалақы мөлшерінің көбейтілуін талап етіп, ереуілге шыққан. Құқық қорғаушылардың бұл әрекетін өз пайдасына асыра білген ондаған адам сауда орындарын тонай бастаған.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Newsru.com

Соңғы жаңалықтар