
Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Рогозиннің сапарының нақтылы маңыздылығын және екіжақты сипаттағы түрлі мәселелерді уақтылы шешудің қажеттілігін атап өтті.
Кездесу барысында әскери-техникалық ынтымақтастық, бірлескен өнеркәсіп кооперациясы, сондай-ақ, екі елдің ғарыш саласындағы өзара ықпалдастығы мәселелері қаралды.