11 Желтоқсан, 2013

Жаңа зауыт ашылды

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрлері «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг»

жаңа кәсіпорнын іске қосты

Кеше Астанада Қазақ­стан Респуб­ли­касының Қор­ғаныс министрі Әділ­бек Жақсыбеков пен Түрік Рес­публикасының Ұлттық қорғаныс ми­нистрі Исмет Йылмаз электронды-оп­тикалық құрылғылар өн­діретін «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» қа­зақ-түрік бірлескен кә­сіпорнын ашты. Бұл бір­лескен кәсіпорын Қа­зақ­стан мен Түркия мемле­кет басшы­лары­ның уағда­ластығына сәйкес құрылып отыр.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары болашақ өндіріс корпустарының орналасу орнын қарап, аталған кәсіпорында шығарылатын өнімдердің үлгі­лерімен танысты.

Әділбек Жақсыбеков Ас­танада жоғары техно­логиялық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ашылуының маңызын айрықша атап өтті. Бірлескен жобадағы Қазақстанның алғашқы кездегі үлесі 20 пайызды құрайды, таяу­дағы 5 жылдың ішінде ол 67 пайызға дейін артатын болады.

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов қорғаныс ведомстволарының басшыларын жаңа кәсіпорын өндіретін өнімдер тізімімен таныстырды. Бұл жерде өнімдерге техникалық қызмет, сондай-ақ, персоналды оқыту жүзеге асатын болады.

Зауыт суасты кемелерінен бастап ғарыш кемелеріне дейінгі аралықта әртүрлі техникада қолданатын электронды платтардың кең спектрін шығару мүмкіндігіне ие.

Зауытты дамытудың келесі кезеңі дербес инфрақызыл линзалар шығару өндірісін ұйымдастыруды, жаңа технологияларды қолдану арқылы өнім өндіруді қамтиды.

Бұл ТМД-да осындай сападағы өнім өндіретін бірінші кәсіпорын екенін атап өткен орынды.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19