11 Желтоқсан, 2013

Серіктестік келешегіне кедергі жоқ

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Қорғаныс министрі Исмет Йылмазды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Қорғаныс министрі Исмет Йылмазды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесуде әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, таяуда ашылған электронды-оптикалық құрылғылар шығаратын қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны аясындағы серіктестік перспективалары қаралды.

Мемлекет басшысы екі елдің қорғаныс өнеркәсібіндегі өзара ықпалдастығын одан әрі дамыту үшін бұл кәсіпорынның мән-маңызын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев зауытты білікті жергілікті кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына да назар аударды.

Өз кезегінде И.Йылмаз кәсіпорын құрылысы әскери-техникалық саладағы екіжақты қарқынды ынтымақтастықтың нәтижесі екенін айтты. Бұған қоса, ол бұл салада жақсы перспектива барын атап өтіп, серіктестіктің одан әрі дами түсетініне сенімін білдірді. 

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар