Алматы қаласында алты адамды бірден қағып, қашып кеткен жүргізуші бірнеше күннен кейін ұсталды. Оқиға «Целинный» кинотеатрының маңайында болған. BMW X6 көлігінің тізгінінде отырған 24 жасар Мақсат Үсенов есімді жігіт сол маңдағы жаяу жүргіншілер жолының үстінен адамдар қаққан.
Алматы қаласында алты адамды бірден қағып, қашып кеткен жүргізуші бірнеше күннен кейін ұсталды. Оқиға «Целинный» кинотеатрының маңайында болған. BMW X6 көлігінің тізгінінде отырған 24 жасар Мақсат Үсенов есімді жігіт сол маңдағы жаяу жүргіншілер жолының үстінен адамдар қаққан.Бұдан кейін алды-артына қарамай кетіп қалған жүргізуші ақыры полицейлердің қолына түсті.
Қашқын жүргізуші қазір өз кінәсін толық мойындапты. Медициналық сараптама қорытындысы оның алкогольді ішімдік пайдаланбағанын анықтаған. Тексеріс жұмыстары автокөліктің техникалық ақаулықтары жөнінде де жүргізілген.
Қазір жүргізушіге қатысты жол апатына, кісі өліміне және оқиға орнынан қашып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның 1-і күні орын алған оқиға желісінде BMW X6 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, бетон қоршауды бұзып, тротуарға шығып кеткен. Ал жолдың жиегінде сол сәтте 4 қыз және 2 жігіт тұрған. Олардың ең үлкені 23 жаста екен. Алтауы да бірдей автокөліктің соққысына ұшырап, оқиға орнында бір азамат қаза тапқан. Қалғандары әртүрлі дене жарақатын алған. Соған қарамастан, көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Кейін ол осында болған куәгерлер өзін көліктен жұлып алып, соққыға жыққаны үшін қашып кеткенін айтып ақталыпты.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.