11 Желтоқсан, 2013

Татулық пен тұрақтылық тұжырымдамасы

381 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтөбе облыстық «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессия мәжілісіне облыстық, Ақтөбе қалалық және аудандық мәслихаттарының хатшылары, депутаттар, облыстық басқармалар мен департаменттер, ірі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар басшылары, жастар өкілдері қатысты.

Ақтөбе облыстық «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессия мәжілісіне облыстық, Ақтөбе қалалық және аудандық мәслихаттарының хатшылары, депутаттар, облыстық басқармалар мен департаменттер, ірі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар басшылары, жастар өкілдері қатысты.

Жиынды Ақтөбе облысы Қа­­зақстан халқы Ассамблея­сы­­ның төрағасы, облыс әкімі Ар­­химед Мұхамбетов ашып, жүр­­гізіп отырды. Сессияда Ақ­төбе облысы Қазақстан халқы Ас­самблеясы хатшылығының мең­ге­рушісі Қыдырғали Ермұқан «Мем­лекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының ХХ сесиясындағы тапсырмаларынан туындайтын міндеттердің орындалу барысы туралы» деген тақырыпта баяндама жасад­ы. Ол Елбасы тапсырмасын таратып айта келіп, бұл міндеттердің қоғамдық-саяси тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді ны­ғайтуға бағытталғанына тоқталды. Облыстық Ассамблеяның таяу­да­ғы жеті жылға арналған даму  тұжырымдамасы жасалғанын алға тартты.  

– Ассамблеяның барлық  қыз­меті мен мақсаты Қазақстан хал­қын этностық тегіне, діліне, дініне қарамай, ынтымағы жарасқан, ауызбіршілігі мығым, саяси ахуалы тұрақты ел болуға ұйыстыруға атсалысу болып табылады. Кез келген елдің дамуы алдымен та­тулықтың, тұрақтылықтың ар­қасында екені дәлелденген қағида. «Бірлік болмай тірлік болмайды». Ендеше, оны сақтай білу, еліміздегі этносаралық қатынастарды әрі қарай дамыту бүгінгі қоғам алдындағы басты  парызымыз, – деп тұжырымдады ойын Қ.Ермұқан.

Сессияда «Достық» үйінің директоры Р.Беркешова, Ақтөбе қаласындағы «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық бірлестігі филиалының төрағасы Ш.Жамалов, Мәртөк ауданының әкімі М.Елеусізов шығып сөйлеп, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған игілікті істерден хабардар етті.

Сессия барысында бір топ Ассамблея белсенділеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды. Оның жұмысының қорытындысы бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы қарары қабылданды. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық іс-әрекеті ел бірлігін, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталып отыр. Бірлік пен өзара түсіністік жолымен алға басып, еліміздің бейбітшілік пен жасампаздығы үшін одан әрі жағдай жасалатыны күмәнсіз.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар