11 Желтоқсан, 2013

Аймақтық ынтымақтастыққа ұмтылыс

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың заманауи кезеңі» деген атаумен дөңгелек үстел өтті. Онда тараптар қазақ-ауған өзара байланысының өзекті бағытын талқылады.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың заманауи кезеңі» деген атаумен дөңгелек үстел өтті. Онда тараптар қазақ-ауған өзара байланысының өзекті бағытын талқылады.

Қазақстан-Ауғанстан парламентшілері, Қазақстан мемлекеттік органдарының басшылары, сарапшылары парламентаралық ынтымақтастық, сауда-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен бірге, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелеріне де баса назар аударылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, келер жылдың сәуір айында Ауғанстанда өтетін президенттік сайлауға, қауіпсіздікке араласатын Халықаралық күштер контингентінің шығарылуына байланысты аталған мәселе өте өзекті.

Елдегі сайлауалды жағдаймен таныстырған ауғанстандық парламентшілер Қазақстанның көмек көрсетуі арқасында өз елдерінде оң өзгерістер болып жатқанын мәлімдеді. Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джиргасының вице-спикері Мохаммад Сальджуки Қазақстан Президентіне Ауған­станға көрсетіп отырған қолдауы үшін, маңызды әлеуметтік, гуманитарлық көмектері үшін алғысын білдірді.

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасының арқасында біздің мемлекетімізге жыл сайын экономикалық, білім беру, жолдар салу мен денсаулық сақтау салаларына көмек көрсетіліп келеді, – деп атап өтті М.Сальджуки.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халық­ара­лық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев барлық саладағы қолдаудың маңызына тоқтала келіп, бүгінгі жағдайдағы аса маңызды міндет – Ауғанстанды сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, т.б. жүйелерде аймақтық ынтымақтастыққа тарту екенін атап өтті. Сонымен қатар, мәжілісмен Ауғанстанмен арадағы парламентаралық ынтымақтастықты жандандыра түсуге де ерекше назар аударды.

Соңғы жаңалықтар