Экономика • 07 Қаңтар, 2021

Орталық Азия инвестициялық серіктестігі C5 + 1 платформасында құрылады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Gazeta.uz дереккөзі бойынша Қазақстан, АҚШ және Өзбекстан үкіметтері Орталық Азия инвестициялық серіктестігін құрғанын жариялағанын, оның алғашқы бес жылдағы табысы 1 млрд АҚШ долларынан асатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Орталық Азия инвестициялық серіктестігі C5 + 1 платформасында құрылады

«Осы бастама аясында Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және АҚШ-тың Халықаралық Даму жөніндегі Қаржы Корпорациясы (DFC) бес жыл ішінде кем дегенде 1 миллиард доллар тарту үшін барлық күш-жігерін салады», делінген хабарламада.

Орталық Азия инвестициялық серіктестігі «Халықаралық инфрақұрылым сапасының стандарттарын мысалға келтіретін және инклюзивті, ашық және орнықты инвестицияларды алға тартатын» жеке сектор басқаратын жобаларды ілгерілетеді. Бұл ретте серіктестер жобалардың табысы мен оң әсерін максималды түрде арттырады және аймаққа қосымша жеке инвестицияларды жұмылдырады. Орталық Азия инвестициялық серіктестігі C5 + 1 платформасы арқылы жұмыс істейді (Орталық Азия елдері – АҚШ).

«Бұл бастама Орталық Азияның барлық елдерін нығайту және өркендету үшін сауданы, дамуды және синергияны арттыру мүмкіндіктерін пайдалануға тырысады. Аймақ COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық құлдырауды қалпына келтіруге тырысып жатқан кезде, мұндай ынтымақтастық пен тұрақтылық бұрынғыдан да маңызды болып отыр», дейді сарапшылар.

Аймақтық жобаларды қолдаумен қатар, DFC Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен екіжақты түсіністік меморандумдарына қол қою арқылы Орталық Азиядағы екіжақты серіктестігін тереңдете береді.

Соңғы жаңалықтар