«Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» деген қанатты сөздің қадірін әлем жұртшылығы былтырдан бастап айқын ұғынғандай болды. Індет ушыққан сайын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басты проблемалардың біріне айналды деуге болады. Соңғы бірнеше жылдың бедерінде аграрлық секторды экономиканың драйверіне айналдыруға тырысып жатқан Қазақстан Үкіметі де пандемияға қарамастан, саланы дамытуға бұрнағы жылдармен салыстырғанда көбірек күш салды.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Өсімдік шаруашылығында өсім мол
Тиісті министрліктен алынған мәліметке сүйенсек, өткен жылы ауыл шаруашылығында айтарлықтай өсім байқалды. 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 5,9 трлн теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 5,3 пайызға асып түсті. 11 өңірде өнім көлемі ұлғайды, әсіресе Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары алдыңғы қатарда.
Жалпы, өткен жылды өсімдік шаруашылығы үшін қолайлы болды деу қиын. Жаздағы қуаңшылық пен күзгі жауын-шашынды айтпағанда, пандемияға байланысты туындаған проблемалар да шаруаларға біраз қолбайлау болған-ды. Соған қарамастан өсімдік шаруашылығында айтарлықтай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Диқандар жалпы көлемі 20,8 млн тонна астық өндірді. Бұл ішкі сұранысты толық өтеді, сондай-ақ сыртқы нарыққа шығару арқылы Қазақстанның астық державасы деген мәртебесін сақтап қалуға ықпал еткені анық.
– Астық сапасы жоғары болды. Өндірілген бидайдың 80 пайызы 1-3-санатқа жатады, – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі. Алдыңғы жылы алынған бидайдың 53 пайызы осындай жоғары санатқа жатқызылған болатын. Жалпы, еліміздің диқандары өткен жылы барлығы 4 млн тонна картоп, 4,3 млн тонна көкөніс, 2,5 млн тонна бақша дақылдарын, 297,2 млн тонна мақта жинады.
Көктемгі дала жұмыстары, тұқым себу науқаны төтенше жағдаймен тұспа-тұс келгені белгілі. Сөйтіп, аграршылардың арасында алаңдаушылық туған еді. Алайда Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі науқанды ойдағыдай өткізуге бағытталған шараларды уақтылы қабылдады. Атап айтқанда, арзандатылған жанар-жағармай, тиісті техникалық саймандар фермерлерге дер уақытында жеткізілді, шаруалардың карантин кезінде де кедергісіз қозғалуына жағдай жасалды.
Президент Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын кеңінен қолдау қажеттігін атап көрсетіп, Үкіметке саланы цифрландыруды жолға қоюды, жерді кәдеге жаратуды реттеуді тапсырғаны мәлім. Былтыр Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау іс-шараларына республикалық бюджеттен 70 млрд теңге несие бөлінді. Қаражат 2,4 мың ауыл шаруашылығы өндірушісіне берілді. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бағытталды.
Өткен жылы егістік алқаптарын әртараптандыру бағытында да бірталай жұмыс атқарылғанын айта кетейік. Ұлттық статистика бюросынан алынған деректерге сүйенсек, тұқым себілген алқаптардың аумағы 2019 жылмен салыстырғанда 439 мың гектарға ұлғайып, 22,7 млн гектарға жетіпті.
– Зығыр алқабы – 239,8 мың гектарға немесе 18,6 пайызға, мақсары алқабы – 61,6 мың гектарға, яғни, 23 пайызға, бидай алқабы 748 мың гектарға немесе 6,8 пайызға, жүгері алқабы – 7,4 мың гектарға, яғни 5 пайызға ұлғайды. Бау-бақша дақылдары егілген жердің көлемі де алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,3 мың гектарға, яғни 1,3 пайызға артты, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Өсімдік шаруашылығын қолдау бағытында атқарылған жұмыстардың қатарында фермерлерден өнімді форвардтық сатып алу тәсілі енгізілгенін ерекше атап өткен ләзім. Министрлік ерте көктемде шаруалар тұқым себу науқанын ойдағыдай жүргізуі үшін олардың күзде алатын өнімінің есебінен форвардтық келісімшарт жасасты. Нәтижесінде 369 ауыл шаруашылық тауарын өндірушіден осындай жолмен 24,55 млрд теңгенің өнімі сатып алынды. Атап айтқанда, Үкімет 453 мың тоннадан астам бидай, 53,2 мың тонна арпа, 10 мың тоннадан астам күнбағыс пен 300 тоннадан артық қарақұмықты көктемде тұқым себіліп жатқан кездің өзінде сатып алып қойды.
Агроөнеркәсіп кешенінің ілгерілеуіне мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының да қосқан үлесі қомақты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағытындағы құс шаруашылығын дамытуда толайым табысқа жетті. Құс етінің отандық өндірісін ұлғайту және құс шаруашылығы өнімінің импорттық үлесін азайту үшін министрлік пен өңірлік әкімдіктер қазіргі заманғы жаңа өндіріс орындарын құру, жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларын кеңейту және жаңғырту жобаларына барынша қолдау көрсетуде.
Ауғанстан азаматы Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған
Қоғам • Бүгін, 17:15
Депутаттар неге тәртіпке бағынбаған?
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр
Білім • Бүгін, 16:55
Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қарай жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Украина азаматы ұшақта темекі шеккені үшін жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 16:41
«Барыс» - «Йокерит» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі
Хоккей • Бүгін, 16:40
Қызылордадағы дария деңгейі тұрақты бақылауда
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Теңіз кенішінде 72 жұмысшы коронавирус жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Томас Мильц: Автокөлікті таңдау процесі электронды ортада жүзеге асырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:32
Дмитрий Медведев Назарбаевты құттықтады
Елбасы • Бүгін, 16:30
Қытайда коронавирустық инфекцияның тағы бір ошағы анықталды
Әлем • Бүгін, 16:10
Түркістан облысында қыз ұзату тойын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:04
Жазбаша келісім талап етеді: Коронавирусқа қарсы вакцинадан қауіп бар ма
Медицина • Бүгін, 16:01
Шығыс Қазақстанда оқушылар қалай оқып жатыр?
Білім • Бүгін, 15:57
Елімізде қандай пойыз билеттері қымбаттайды?
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Ақтөбеде жемқорлықпен күресушілер 2020 жылғы жұмыс қорытындысын жариялады
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Өскемендік полицейлер атқа мінген адамдарды не үшін қуды?
Видео • Бүгін, 15:50
Өскеменде шоқыну мейрамында 2 мыңнан астам адам суға шомылған
Оқиға • Бүгін, 15:50
Аида Балаева Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Руханият • Бүгін, 15:46
Қостанай облысында 23 тонна жанармай тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:41
Беларусь хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
Спорт • Бүгін, 15:35
Киім өндірісінде импорттың үлесі артқан
Экономика • Бүгін, 15:29
Төлебиде жаңа спорт кешені бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Өткен тәулікте шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 15:26
Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді
Экономика • Бүгін, 15:21
Атырауда 648 отбасы жаңа баспанаға көшеді
Аймақтар • Бүгін, 15:19
Қытайда балмұздақтан коронавирустың жаңа штаммы табылғаны рас па?
Әлем • Бүгін, 15:13
Қызылжарда қала іргесіндегі ауылдарды тонаған ұры ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Елорда рекордты көлемде триллионнан астам инвестиция тартты
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Қостанай облысында 278 ауылшаруашылық техникасы утилизацияға қабылданады
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Қырғызстан Pfizer вакцинасынан неге бас тартқаны белгілі болды
Әлем • Бүгін, 14:55
Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Спутник-V вакцинасынан соң түрлі аурулар пайда болғаны рас па?
Коронавирус • Бүгін, 14:40
Сенат депутаттары радиациялық төтенше жағдайларды шешуге көмек көрсету мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:34
Түркістан облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылған
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қостанай облысында алимент төлеуден қашқан 119 әкенің мүлкі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Сенаторлар Қазақстан мен Грузия арасындағы транзиттік жүк тасымалдау мәселесін зерделеді
Парламент • Бүгін, 14:13
Шоқыну мейрамында 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Петропавлда полицеймен төбелескен жігіттердің әрекеті видеоға түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:43
Нұр-Сұлтанда әйелін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады
Елорда • Бүгін, 13:30
Ұшуға қорыққан ер адам Чикаго әуежайында 3 ай өмір сүрген
Әлем • Бүгін, 13:20
Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады
Қазақстан • Бүгін, 13:20
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Қазақстан • Бүгін, 13:10
Оқу орталығына ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:57
Пандемия еліміздің туризм саласына тың серпін берді
Туризм • Бүгін, 12:56
Қазақстан ЮНЕСКО саясатын әзірлеуге қатысады
Парламент • Бүгін, 12:55
Жапонияда қар тазарту кезінде 60-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 12:55
Анықтамасыз келген 31 шетел азаматы кері қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Италияда ірі мафияға қарсы операция жүргізілді: 49 адам тұтқындалды
Әлем • Бүгін, 12:25
Түркістанда жылына 1 млн тұрмыстық техника шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 12:16
Халықаралық қаржы корпорациясының мәртебесі заңды түрде бекітіледі
Парламент • Бүгін, 12:11
Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов жарыстардан шеттетілді
Спорт • Бүгін, 12:09
Германияда респиратор тағу міндеттелуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:03
Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Шымкентте балабақшада азық-түлікті үнемдеу салдарынан балалар аш отыр
Қоғам • Бүгін, 11:57
Алматыда коронавирустық індет жұқтыру 0,3%-ға жетті
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Беларусь елі 2021 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
Хоккей • Бүгін, 11:46
Екі жылда 36 әлеуметтік дүкен ашылады
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Жыл соңына дейін 6 млн-ға жуық қазақстандықты вакциналау көзделген - министр
Қоғам • Бүгін, 11:37
Әлем • Бүгін, 11:32
Samsung басшысы жемқорлық үшін 30 айға бас бостандығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 11:13
Павлодар облысында демалыс күндері локдаун енгізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Аргентинада 6,4 балдық жер сілкінісі болды
Видео • Бүгін, 11:08
Болгарияда нәресте антиденемен дүниеге келді
Әлем • Бүгін, 11:07
Қазақстанда 15 санитарлық бекет қойылды - Ерлан Тұрғымбаев
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Наурыз айының соңында індет жұқтырғандар көбеюі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар