*Алматы қаласының халқы 1,5 миллион адамнан асты. Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылдың 1 қарашасында оңтүстік мегаполистің тұрғындары саны 1 млн. 501 мыңға жеткен.
*Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл асыл тұқымды мал алуға 38,8 млрд. теңге бөлді. 2014 жылдан бастап «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында бұл бағыттағы субсидия көлемi өсiп, ол 45 млрд. теңгенi құрайды.

*Қазақстандағы дүкендерде алкоголь өнімінің сапасын тексеретін құрал орнатылады. Бұған алкоголь өнімдерінің халыққа қолжетімділігінен соңғы 5 жылда азаматтардың мас күйінде жасаған қылмыстарының екі есеге артқаны себеп болып отыр.
*Шымкентте индустриялы құрылыс комбинаты іске қосылды. «Өндіріс-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған өндірістік жоба – кең көлемді темір-бетон бұйымдарын шығаруға арналған.
*Теміртау қалалық ауруханасы 33 млн. теңгенің медициналық жабдығына қол жеткізді. №3 орталық аурухананың директоры Степан Мартыновтың айтуынша, алдағы уақытта емдеу мекемесіне бұдан да басқа қажетті құрал-жабдықтар алынады. Қазір лизингтік компанияға тапсырыс беру үшін бірнеше жоба дайындалып жатыр.
*Батыс Қазақстан облысында 7 мың адам «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысты. Аталған бағдарлама бойынша облысқа 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның бірінші бағыты бойынша 2,6 млрд. теңге қаралып, 45 нысанның құрылысы жүргізілген.
*Жетісу өңірінде 7 млн. шаршы метр баспана салынады. Алматы облысында 2020 жылға дейін «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша ауданы 7 036,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
*Қызылорда қаласында 11 айдың бюджеті 109,5 пайызға орындалды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барлық кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін арттыру үшін бөлінген бюджет қаржысын мақсатты әрі сапалы игеруді қатаң тапсырды.
«ҚазАқпарат», Bnews.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.