11 Желтоқсан, 2013

Жүрекке жақын, көкірекке көрік

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір ақпарат құ­ралдарының көздері көбейіп отырған за­манда әркімнің қала­уы әртүрлі ғой. Уа­қыт үнемдеуге үй­ренгендер ком­пью­­­терді ашып жі­бе­ріп, әлемдік ға­лам­тор арқылы оқи­ға жа­ңалықтарға қа­нығып жатады. Өкінішке қарай, мұндай ғадет студент жас­тар, мектеп оқушылары арасында да етек алуын байқап жүрміз. Түбінде олар бұған әбден машығып, газет-журналдар бетін ашуды, оқуды қоя ма деген қауіп бар екеніне еріксіз алаңдайсыз. Өз көкейіме сіңгендей, шәкірттерім көкірегіне құйып жүргенімдей баспасөзді көз суартып оқудың жөні мүлдем бөлек емес пе?!

Мәселен, «Егемен Қа­зақстан» газетіндей белді ба­сылымдар арқылы әлемдегі, еліміздегі жедел хабарлармен қатар ой-өріс байытатын, сана-сезім жаңғыртатын, білім тереңдететін та­нымдылық та, өзектілік жағынан да татымды, мағыналы мақалаларды салмақтап, зерделеп оқы­ғанға не жетсін. Әсі­ресе, ғы­лым-білімнің өзекті мәсе­ле­лері бас ба­сы­лымда тұрақты әрі тиянақты жа­зылады.

Бір тәуірі, мектебіміз мұғалімдері мен оқушы­ларының «Егемен Қа­зақстан» бастаған ұлттық ба­сылымдарға ынта-ықыласы ерекше. Газет қай-қайсысының да қолдарында жүреді. Біразы үйлеріне жаздырып алады, кітапханадан табуға да мүм­кін­діктері бар. Барлық орында, ортада осылай болса тамаша ғой. «Егемен Қазақстан» әр шаңырақтың рухани азығы болуға тиіс.

Тұрсын Бейсембекова, Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназияның оқытушысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Қарағанды.

Соңғы жаңалықтар