Қоғам • 08 Қаңтар, 2021

ЖРВИ және тұмау белгілері бар алматылықтар қалай дауыс береді?

134 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Биылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетіні баршаға аян. Коронавирус пандемиясына байланысты, сондай-ақ Алматының «сары аймақта» тұрғанын ескере отырып, мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтарының денсаулығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұқтырудың алдын алу үшін барлық шаралар қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz

ЖРВИ және тұмау белгілері бар алматылықтар қалай дауыс береді?

Фото авторы: Максим Золотухин

Барлық учаскелерде сайлауда дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу алгоритмі пысықталды. Алгоритм сайлау процесіне қатысушылардың карантиндік шараларды сақтау ережелерін және сайлау учаскелеріне (дауыс беру пункттеріне) қойылатын талаптарды реттейді.

Сайлау учаскелері бойынша негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:
1. әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін дауыс беру бөлмесі жеткілікті мөлшерде кең болуы тиіс;
2. ғимаратқа кіре берісте және сайлау учаскесінің үй-жайында КВИ-дің алдын алу бойынша ақпарат орналастырылады;
3. сайлау учаскесінің аумағында және дауыс беруге арналған үй-жайда сайлаушылар легінің бағытын көрсететін белгілер орналастыру, 1,5-2 метр қашықтықты белгілеу;
4. дауыс беруге арналған үй-жайда қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құралы бар санитайзерлерді орнату;
5. қажеттілігіне қарай дауыс беруге арналған кабиналарға санитарлық өңдеу жүргізу;
6. дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ғимаратқа үнемі ылғалды тазалық жүргізу. Бұл ретте есік тұтқаларын, таяныштарды, дауыс беруге арналған кабиналарды, үстелдер мен орындықтардың беттерін, кеңсе техникасын, дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажет;
7. дауыс беруге арналған ғимараттың кіреберісінде және одан шығатын жерде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинау және оларды одан әрі кәдеге жарату үшін контейнерлер орнату.

Эпидемиологтардың айтуынша, алдын-алу мәселесіндегі маңызды мәселе дауыс беру алдында және күні бойы бөлмені желдету болмақ. Өз кезегінде, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №69 Қаулысына сәйкес, жасырын дауыс беру үшін алдыңғы пердесі жоқ кабиналарды пайдалану қарастырылған. Бұл талап сайлау өткізу жөніндегі заңнамаға қайшы келмейді және 2020 жылдың тамызында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезінде де қолданылды. Бұл шара ауаның табиғи айналымына ықпал етеді және инфекцияның таралуын болдырмау үшін қосымша желдетуді қамтамасыз етеді.

«Сайлау процесіне қатысушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын шектеу шараларына түсіністікпен қарауға және өздері мен жақындары үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Сондай - ақ, саяси партиялардың өкілдеріне барлық талаптарды қатаң және бұлжытпай орындауға және олардың сақталуына жауапты тұлғаларды тағайындауға шақырамыз», деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлау комиссияларының барлық мүшелері дауыс беруге арналған ғимараттан тыс жерде азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыруға арналған бетперделермен, қорғаныш экрандарымен, қолғаптармен, санитайзерлермен, қорғаныш халаттарымен қамтамасыз етілген.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында сайлау комиссияларының барлық мүшелері, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Сонымен қатар, тиісті рұқсаты жоқ зертханаларда жүргізілген тест нәтижелерін ұсыну жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті қалада COVID-19 – ға ПТР зерттеулер жүргізуге рұқсаты бар, жалпы қуаттылығы тәулігіне 14 350 зерттеуді құрайтын 20 зертхана жұмыс істейтінін еске салады (9 зертханадағы ПТР тестінің құны 8 мың теңге көлемінде, 6 зертханада -9 мың теңге және т.б.). Тізім https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu almaty/press/news/details/108206?lang=ru. ресми сайтында қол жетімді.

1. «Ұлттық санитарлық-эпидемиялық сараптама орталығы» РМК-ның Алматы қаласы бойынша ШЖҚ филиалы, Медеу ауданы, Жібек Жолы көшесі,3;
2. «Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығы» РМК-ның ШЖҚ филиалы, Бостандық ауданы, Әуезов көшесі, 84;
3. «КДЛ ОЛИМП» ЖШС, Алмалы ауданы,.Төле би, көшесі 83;
4. «Medical Partners Korea Qazagstan» ЖШС, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, «Нұрлытау» БО;
5. «Инносол» ЖШС, Алмалы ауданы Казыбек би,96;
6. Алатау ауданындағы Теректі ықш. ПТР бөлімшесі, Ташкент тракті, 541;
7. «Гамма-лаб» ЖШС, Бостандық ауданы Ходжанов көшесі, 55А;
8. «Аквалаб» ЖШС, Жетісу ауданы,Сейфуллин көшесі, 287;
9. «Приват клиник» ЖШС, Бостандық ауданы Мирас ықш, 45;
10. «Молекулярлы медицина орталығы» ЖШС, Алмалы ауданы Әйтиев көшесі, 130;
11. «Ел лаб» ЖШС, Наурызбай ауданы Қарғалы ықш. Кенесары хан көшесі, 61;
12. «Алатау клиник» ЖШС, Алатау ауданы Талды Арал көшесі, 2;
13. «Иммунотест» ЖШС, Бостандық ауданы Ғабдуллин көшесі, 24;
14. «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС, Түрксіб ауданы Қапал көшесі, 14;
15. «А Class Medical» ЖШС, Бостандық ауданы Өзтүрік көшесі 7А;
16. «Инвитро» ЖШС, Медеу ауданы;
17. И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 295;
18. М.Айқымбаев атындағы атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Түрксіб ауданы, Қапал көшесі 14;
19. «Нурлаб» ЖШС, Жетісу ауданы, Беспақов көшесі,60Б.
20. «КасМед» ЖШС, Бостандық ауданы, Байкадамов көшесі, 5.
Сонымен қатар, қала аумағында «Grin Lab» ЖШС және «МК Сұңқар» ЖШС екі зертханасы жұмыс істейді, олар тиісті рұқсатсыз халықты COVID-19-ға тестілеуден өткізеді, олардың нәтижелері заңсыз болып саналады.

Әрбір зертхана интеграция арқылы ақпараттық жүйеге тестілеуден өткен барлық адамдар үшін мәртебе беретіндігін атап өткен жөн, егер тест оң нәтиже көрсетсе, ол жеке деректер базасында тіркеледі. Көрсетілген жүйеде ЖСН бойынша тексеруге Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органы қол жеткізе алады, олар ПТР-тестілердің ұсынылған нәтижелерінің дұрыстығын тексере алады.

КВИ және ЖРВИ белгілері бар тұлғалардың дауыс беру алгоритмі

Дауыс беруге арналған 507 учаскеде барлығы 2 535 медицина қызметкері жұмылдырылады: 1 014 дәрігер, 1 521 медбике. Сонымен қатар, Жедел жәрдем бригадалары белгілі бір сайлау учаскелерінің жанында кезекшілік етеді. Сондай-ақ, қосымша экипаждар, қажет болған жағдайда, келіп түскен шақырулар бойынша келеді.

Дауыс беретін күні әрбір сайлау учаскесінде медицина қызметкерлері кезекшілік етеді, атап айтқанда:
- кіре берісте сайлаушылардың дене температурасын анықтау үшін тепловизоры бар медбикелер тұрады;
- әрбір сайлау учаскесінде қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлері болады;
- барлық медицина қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Егер дауыс берушінің дене қызуы көтерілген жағдайда, ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 41-бабының 6-тармағына сәйкес сайлау учаскесінде осындай жағдайлар үшін көзделген бөлек жабық үй-жайда дауыс бере алады.

«ЖРВИ немесе коронавирустық инфекция белгілері диагнозы қойылған сайлаушылар жедел жәрдем көлігімен әрі қарай диагностикалау үшін стационарлардың изоляторларына жеткізіледі», деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Мәдеева.

Бұл ретте олар осы медициналық мекемелерде арнайы жабдықталған, жабық учаскелерде өздерінің сайлау құқығын іске асыра алады. Стационарлар жанындағы жабық учаскелерде стационарлық медициналық ұйымдардың, оның ішінде COVID-бағыттағы қызметкерлері мен пациенттері де дауыс бере алады.

«ЖРВИ немесе коронавирустық инфекция белгілері диагнозы қойылған сайлаушылар жедел жәрдем көлігімен әрі қарай диагностикалау үшін стационарлардың изоляторларына жеткізіледі», деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Мәдеева.

Осыған орай олар осы медициналық мекемелерде арнайы жабдықталған, жабық учаскелерде өздерінің сайлау құқығын іске асыра алады. Стационарлар жанындағы жабық учаскелерде стационарлық медициналық ұйымдардың, оның ішінде COVID-бағыттағы қызметкерлері мен пациенттері де дауыс бере алады.

Зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар және қолында ПТР зерттеуі жоқ адамдар сайлау учаскесіне жіберілмейді. Заң бойынша, егер сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне, сондай-ақ шалғайдағы және қатынауы қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беру үшін келе алмаса, олар учаскелік сайлау комиссиясына дауыс беру күніне 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша өтініш жасауға тиіс.

Алматы қаласында 581 сайлау учаскесі, оның ішінде 74 - азаматтар уақытша болатын жерлерде. Барлық сайлау учаскелерінің дауыс беруге арналған үй-жайлары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның және жарақтандыру жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді.