11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №987

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 19 қыркүйек  Астана, Үкімет Үйі
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық
регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысына (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 285-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Техникалық регламент қолданылатын, сәйкестікті міндетті растауға жататын тыңайтқыштардың тізбесі және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сэйкес сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген»;
2) техникалық регламентке қосымшада:
1-бағандағы «ҚР СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
«
3104 90 000 0 – өзгелері


»;
деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
3104 90 000 – өзгелері:
3104 90 000 1 – карналлит
3104 90 000 9 – өзгелері


мына:
«
3105 20 – үш қоректі элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар:
3105 20 100 0 – құрғақ сусыз өнімге шаққанда құрамында 10 мас.%-
дан астам азоты бар
3105 20 900 0 – өзгелері


»;
деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
3105 20 000 0 – үш қоректік элементтерден: азот, фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар:


»;
мына:
«
3105 60 – екі қоректік элементтен: фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар
3105 60 100 0 – калий суперфосфаттары
3105 60 900 0 – өзгелері


»;
деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
3105 60 000 0 – екі қоректік элемент: фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар


»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар