20 Сәуір, 2010

“ПАРАСАТТЫҢ” ПАРАСАТТЫ ІСІ

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биылғы қыстың қаһары еліміздің Шығыс өңірінде ерекше қатал болды. Ақырған аязы мен ақтүтек бораны қабаттасып, алты ай қыс көз аштырмады. “Жұт жеті ағайынды” дегендей, қатал қыстың соңы көктемнің су тасқынына ұласты. Бірқатар елді ме­кен­дерді күйзеліске ұшыратқан көктемгі апат кезінде шы­ғысқазақстандықтар жалғыз болған жоқ. Еліміздің барлық өңірлерінен, ірі кәсіпорындардан, жекелеген азаматтардан апат аймағындағы халыққа жан-жақты көмек көрсетілді. Су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына көрсетіліп жатқан бүкілхалықтық көмек қозғалысына “Парасат” ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі” және оның еншілес ұйымдары: “Ғылым қоры”, “Жер, ме­таллургия және кен байыту ғылыми орталығы”, “Ақ­парат­тандыру ғы­лыми орталығы” және басқалар су шайып кеткен елді мекендердегі құрылыс жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында 1,7 млн. теңге көлеміндегі бір күнгі еңбекақыларын аударды. “Егемен-ақпарат”.