11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1097

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 12 қазан, Астана, Үкімет Үйі
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 382-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесінде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ұсынылған селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар сараптамалық ұйымнан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер көрсетілген мерзім ішінде өтінім беруші көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жаңа атау ұсынбаса не апелляциялық кеңесте селекциялық жетістіктің атауын мақұлдаудан бас тартуды дауламаса, уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар