Оқиға • 11 Қаңтар, 2021

Атырау мұнай өңдеу зауытында ақаулар пайда болды

1086 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында ақаулар пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытында ақаулар пайда болды

"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"2021 жылдың 10 қаңтарында Атырау МӨЗ-де Атырау облысының сыртқы желілерінде (KEGOC желісі бойынша) электроэнегрия азайып кетті. Апат жағдайының алдын алу мақсатында зауыттың отын желісі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесін толық тұрақтандыруға дейін технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталған", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл KEGOC-тың бір күнде үшінші рет өшіруі болып отыр, мұндай жоспарланбаған өшіру өндіріс жұмысына теріс әсер етеді.

Бұған дейін Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығының кей шағын аудандары мен Индер және Махамбет аудандарында электр энергиясының апат жағдайында өшірілуі болған.

"Атырау-Жарық" АҚ қалалық тарату желілерінің бастығы Ғабиден Қанатовтың айтуынша, апат "KEGOC" АҚ желісінде, шамамен сағат 18.30-да болған.

"Ақ Жайық" мәліметі бойынша, Авангард, Балықшы, Балауса, Привокзальный, Лесхоз, Геолог, Бірлік, Тасқала, Курилкино, Дамба және т.б. шағынаудандарда жарық сөніп қалған. Көптеген сайлау учаскесінде адамдар қараңғыда дауыс беруге мәжбүр болды.