12 Желтоқсан, 2013

Әуе жолы жаңғырды

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісулықтардың Тәуелсіздік күні қарса­ңындағы бір қуанышы Талдықорған – Алматы арасындағы әуе жолының қайта ашылуы болды. Кеше JTU 6060 рейсімен алғашқы жолаушылар Жетісудың кіндік қаласынан оңтүстік астанаға аттанды.

– Осыдан 12 жыл бұрын ашылып, тоғыз ай екі қаланың ортасында әуе қатынасын орнатқан ұшаққа сұраныстың болмауына байланысты тоқтатылған еді. Енді Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың арнау­лы шешімімен жаңғыртылды. Талдықорған – Алматы қалаларының ортасында 40-45 минут ұшатын «ЯК – 40» ұшағында 34 жолаушы орны бар. Жол ақысы 7500 теңге тұрады. Аптасына төрт рет дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері Талдықорғаннан Алматығы JTU 6060 рейсімен ұшып, ал Алматыдан Талдықорғанға JTU 6061 рейсімен қайта келіп қонады, деді «Жетісу авиакомпаниясы» АҚ вице-президенті Петр Журавлев.

Қалааралық әуе қатынасының ұшу-қону уақыты белгіленген уақытта әуежай қыз­мет­керлерімен хабарласқанымызда олар алғаш­қы рейстің сәтті болғанын, мұның Тә­уелсіздік күніне арналған тарту екенін айтты.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы. 

Соңғы жаңалықтар