Жер-жаһанды, оның ішінде елімізді жайлаған жемқорлық дертінен арылу оңай соқпай тұрғаны баршаға мәлім. Арнайы қабылданып жатқан заңдар да, қолданылып жатқан шаралар да баршылық. Айталық, Қазақстан беделді халықаралық ГРЕКО ұйымына, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болды. Президент Қ.Тоқаев тамыз айында осы мәселеге қатысты арнайы кеңес өткізді. Алайда сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Осынау қауіпті әлеуметтік дертпен күрес Мемлекет басшысының, Үкіметтің, я болмаса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғана шаруасы емес, бұған баршамыз жұмыла атсалысуға тиіспіз. Жемқорлықтың деңгейін төмендетуге ықпал ету, оның пайда болуын тежеуге ұмтылу секілді әрекеттер жасау – қоғамдық сананың жаңғыруының айқын бір көрінісі деуге болады. Ендеше, бұл тұжырым әрбір саналы азаматты, әсіресе еліміздің болашағы сеніп тапсырылған әрбір педагогті толғандыруы тиіс. Толғандырып қана қоймай, жемқорлыққа тосқауыл болуға қандай да бір қарекет жасауына түрткі болса игі дерсің. Қоғамдық деңгейдегі кеселді ел болып, тамырына балта шапқанда ғана еңсере алмақпыз. Осы орайда жемқорлықпен күреске бірлесе бел буып, белсене кіріскен, ақыры айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген Исландия, Норвегия, Дания, Германия, Сингапур сынды елдерді атап өтсек, артық болмас.
Халқына адал қызмет еткен тұлғалар бір-біріне ұқсас келеді. Сол себепті Ыбырайдың жазбаларымен қоса, ұлы ғалым Ш.Уәлиханов жазған хаттарды, әсіресе тақырыпқа қатысты тұстарын мұқият оқып, қағазға түртіп алдым. Ондағы көздегенім: ұлы тұлғалардың осы мәселе төңірегінде қалдырған ой-пікірлері болса, жаңғыртып, оқырмандарға, әсіресе педагогтер назарына ұсыну болатын. Ыбырай бабамыз мектеп салуға қол ұшын созып, қаражат бөлген, бөрене, кірпіш секілді құрылыс материалдарын жеткізіп берген азаматтарды қолдап, тіпті наградаға ұсынуды да ойластырған екен. Ал адамгершіліктен безген, тек құлқын қамын ғана ойлап, ала беруді мақсат тұтқан пенделерді парақорлар деп атаған. Олай дейтініміз, болашақ ұлы ағартушы небәрі 22 жасында досы әрі ұстазы Н.Ильминскийге жолдаған хатында «Шәкірттерімнің адамгершілігіне де ықпал жасау үшін, келешекте олардың парақор болып кетпеуі үшін, бар күшімді салып әрекет етудемін» деп жазыпты. Жас жігіттің сол кездің өзінде-ақ адамның түрлі іс-әрекетке баруына оның бойындағы қалыптасқан қасиеттері бағыт-бағдар сілтеп тұратындығын аңғарғаны таңғалдырады. Ыбырайдың жемқорлықты жек көріп, оған қарсы тұрғанына хаттарының біріндегі мына бір жолдар да айғақ: «Бас-аяғы 10 жыл ішінде миллионер бай болған, оған дейін ешнәрсесі болмаған, осы елдің күшті жемқорларының бірі – олардың істеп жүрген істерін менің жаратпайтындығымды біліп қалды. Сондықтан ол мені осы арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр». Жеке басты күйттеу түбінде қылмысқа жетелейтінін ұлы ағартушы «Қоғамдық ұлы істі ұсақ мүдделерден жоғары қою керек» деген сөзімен ескертсе керек.
Шоқан тағылымы да сананы селт еткізер пәрменге ие. Ол 21 жасында досы Ф.Достоевскийге жазған хатында (1856 жылы) жемқорларды «құлқынқұмарлар» деп атапты. Оның кейінгі хаттарынан да болашақ ғалымның шынайы болмысын, жан дүниесінің тазалығын аңғару қиын емес. «Отандастарыма пайда келтірейін, өз еліме қызмет етейін» деген оймен кезінде Ш.Уәлиханов Атбасар округінің аға сұлтандығына сайлануға үміткер болғаны белгілі. Осыған орай досы Ф.Достоевскийге былай деп жазады: «Сондағы, көбінесе, ойлағаным оқыған сұлтанның қандай болатындығын жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді, бірақ сайлау чиновниктердің әртүрлі қулық-сұмдығынсыз өте алмады. Облысты төңіректеген және приказда отырған бұл мырзалар менің сайлануыма түгел қарсы шықты. Оның себебін өзің де білесің. Облыстағы чиновниктер аға сұлтаннан алатын мың-мыңдаған ақшасынан айырылатын болды, ал енді приказдағылар, мен сұлтан болсам, қайыр сұрап қаңғырып кететін болды. Чиновниктер бай және баққұмар қазақтардың өзімшілдік пікірін қоздырып, егер Уәлиханов сұлтан болса, ол теңдік жолын қуаттайды және сендерді аталарыңа, дәулеттеріңе қарай бағалайтын нағыз қарапайым қазақтарыңдай болмайды деп қорқытты және мені құдайға сенбейді, Мұхаммедке де қас дегенді жұртқа жайып бақты. Сұлтан болуға менің заң жағынан дәлелім толық, оның бер жағында мен оқыған адаммын, тіпті аз дауыспен сайланғанда да сауатсыз қазаққа қарағанда, қолайлырақ болуым керек» (15.10.1862). Ақыл-ойы озық азаматтың осынау жазбасы қазіргі күйіп тұрған түйткілді мәселемен, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен үндес, тағылымы мол құндылық екендігіне еш шүбә жоқ.
Ал Шоқанның қарсыласы болса, бойға сіңген әдет, дағдысы бойынша ақша арқылы қолдан келмейтін іс жоқ екенін біледі. Шоқанның жазуынша, «бұдан бұрын ол Омбыға 3 мың сом апарып, тұтқындағы екі адамын босатып алған. Ол жолы бұған хатшы болысқан еді, сол хатшы оған осы жолы да: «Ақша жина да, тез Омбыға жібере ғой, хан боласың» депті. Ақша Омбыға жіберілді. Мен бірнеше рет мұндай қылықты әшкерелейтін мақалаларды оқыған едім, бірақ оңбағандар бұл жолы ұялар деп ойлап едім, өйткені мен әншейін біреу емеспін ғой. Тәкаппарлығым ұстап кетті...» деп, ағынан жарылады.
Шоқан мұрасы мәңгілік, осыған орай хаттары ықшамдалып, келешекте оқулық мәтіндерінің қатарына енсе ғой дейсің. Ұлы ғалым туралы мәліметтермен қоса, сабақтарда, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде ең болмаса хаттарының жемқорлыққа қатысты тұстарын келтіріп, талқылауды ұсынар болсақ, жас өскін санасына қозғау саларымыз анық. Мәселен, оқытушы «Шоқанның адалдық пен әділдікті ту еткенін қай әрекетінен байқауға болады?», «Ол сұлтандыққа неліктен өте алмады?», «Шоқанның қарсыласы қандай жолмен сұлтан болып сайланды?», «Ол заманда білімді адамға басымдық берілетін бе еді және қазір қалай?» және т.б. жетекші сұрақтарды қою арқылы білім алушылардың Шоқанның негізгі айтар ойын нақтылап, оның тамырын тереңге жайған парақорлыққа деген қарсылығын, төзбеушілігін жас буынның түйсініп, өнеге етуге деген ұмтылысын ұштар еді.
Сондай-ақ Шоқанның К.Гутковскийге жазған хатындағы мына бір мәлімет де назар аударарлықтай: «...аға сұлтан бастықтарға Сапақты жаман болыс деп хабарлаған еді, сіз өзіңіз де сол пікірді қостаған едіңіз, ал енді ол хорунжий болатын болыпты. Мен бұл мырзаны Көкшетауда көріп едім, ол ұдайы мас болып жүреді екен. Ол маған Омбыдағылардың бәрінің көмейіне ақша тықтым, енді ешкімнен де қорықпаймын деді» (01.01.1863). Жаңа жылмен құттықтай отырып жазған хатының соңын Шоқан «Қымбатты Карл Казимирович, бізге жаңадан мүлгіп-қалғып отырмайтын, есі дұрыс әкімдер берсін» деп аяқтайды. Дәл бүгінгі күнге қарата айтылғандай әсер қалдыратын «есі дұрыс әкімдер» деген бір ауыз сөзі құлқын қамын ойлайтын, сол себепті істі болып, бар абырой-беделінен, шен-шекпенінен айырылған қазіргі кейбір әкім, шенеуніктерді еске түсіреді және, керісінше, билік тізгінін ұстағандардың халыққа мейлінше жақын болып, ұлтқа адал қызмет етулері қажеттігін меңзейді.
Жоғарыда айтып өткенімдей, ұлы тұлғалар бітім-болмысы, қызмет-қарекеті, ой-пікірлері жағынан бір-біріне ұқсас келеді және бұл қасиет заман талғамайды. Мәселен, сонау ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен Ыбырай: «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенінше үлес қосу – қасиетті борышымыз» десе, сол ғасырдың тумасы Шоқанды П.Семенов-Тянь-Шанский: «Уәлиханов өз еліне жан-тәнімен берілген еді, ол қазақ өмірін сүйетін, сонымен бірге Батыс өркениетін жоғары бағалай алды» деп сипаттаған. Осындай тұлғалар өнегесін өскелең ұрпаққа паш ету, ұлағатты сөздеріне мән бергізіп, санасына сіңіру, оқу процесіне Ұлы дала ардақтыларының бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелермен үндес, тәлім-тәрбиелік маңызы зор ой-пікірлерін кіріктіру, білім алушылардың бұл тұрғыдағы жеке көзқарастарын ортаға салу сынды жұмыстар иненің жасуындай болса да, олардың санасына серпін беріп, әсер етері хақ. Әрі бүгінде білім мазмұнына рухани-адамгершілік тәрбиесін кіріктіру (интеграциялау) өзекті болып тұрғаны тақырыптың салмағын, маңызын еселей түседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-қимыл, жүйелі жүргізілген жұмыс жастарымызға ой салып, қоғамдық мүддені жоғары қоя білген адамның қисық кетпей, ардың жолы – таза жолдан таймайтынына көз жеткізеді. Батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны секілді, еліміздің жарқын болашағы үшін осынау қауіпті құбылысты одан әрі ушықтырмай, баршамыз жұмыла тосқауыл қоя отырып күресер болсақ, өз нәтижесін бермек.
Биалаш СҮЙІНКИНА,
Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Бүгін, 21:10
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Бүгін, 20:55
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 5 ақпанда Алматыда өтеді
Әлем • Бүгін, 20:31
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Бүгін, 20:00
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Бүгін, 19:31
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 18:57
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Бүгін, 18:36
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Бүгін, 18:31
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Бүгін, 18:23
Сарапшылар Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 2,7% өсетінін болжайды
Қаржы • Бүгін, 18:22
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:15
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Бүгін, 18:14
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Бүгін, 18:12
ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиялық нормалар қатаң сақталуда
Білім • Бүгін, 18:06
Алтай Көлгінов акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесті
Елорда • Бүгін, 18:00
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Бүгін, 17:53
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Бүгін, 17:50
Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен әйелді аман-есен тапты
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Маңғыстауда өткен жылы 18 кәсіпорын индустриялық сертификатқа ие болды
Аймақтар • Бүгін, 17:33
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Бүгін, 17:30
Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 17:00
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Нью-Йоркте Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шарты талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 16:57
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:52
«Қостанайда жарылыс болады» деген ақпаратты полиция тексеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 16:49
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Бүгін, 16:48
Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 16:40
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:39
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 16:33
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Бүгін, 16:32
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:15
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Бүгін, 16:05
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,1 трлн теңгеге артты
Қоғам • Бүгін, 15:57
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Бүгін, 15:36
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды
Қоғам • Бүгін, 15:30
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Бүгін, 15:23
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Бүгін, 15:18
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңнамалық түзетулер мақұлданды
Парламент • Бүгін, 15:13
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:58
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Бүгін, 14:57
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматыда тұтынушылар мүддесін қорғау үшін 5 мыңдай сертификат қайтып алынды
Аймақтар • Бүгін, 14:31
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Ұқсас жаңалықтар