12 Желтоқсан, 2013

Қоштасу рәсіміне қатысты

482 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылғы 10 желтоқсанда Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында осы елдің бұрынғы басшысы, әлемге танымал тұлға Нельсон Манделаның қазасына орай мемлекеттік қоштасу рәсімі өтті. Йоханнесбургтегі «FNB» футбол алаңында ұйымдастырылған аталған шараға әлемнің жүзден астам мемлекетінің басшылары келді.

Үстіміздегі жылғы 10 желтоқсанда Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында осы елдің бұрынғы басшысы, әлемге танымал тұлға Нельсон Манделаның қазасына орай мемлекеттік қоштасу рәсімі өтті. Йоханнесбургтегі «FNB» футбол алаңында ұйымдастырылған аталған шараға әлемнің жүзден астам мемлекетінің басшылары келді.

Қоштасу рәсіміне еліміз атынан Қазақстан Республикасының ресми өкілі, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы А.Мусинов қатысты. Рәсім аясында А.Мусинов ОАР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ебраһим Ебраһиммен кездесіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Н.Манделаның қайтыс болуына орай ОАР басшысы Д.Зумаға жолдаған көңіл айту хатының көшірмесін табыс етті.

Е.Ебраһим Қазақстан басшылығына деген алғысын білдіріп, ОАР халқының қайғысымен бөліскенін жоғары бағалайтынын мәлімдеді. ОАР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары екі ел арасындағы қарым-қатынастар болашақта қарқынды дами түсетініне сенім білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Ынтымақтастық жалғасады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбековтің Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Д.Рогозинмен кездесуі өтті.

Ресей Үкіметінде  Дмитрий Рогозин қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуына, атом және  ғарыш салаларын үйлестіруге, экспортты бақылауға, ҰҚШҰ шеңберінде әскери-техникалық сая­сатты  іске асыруға жауап береді. Ресей Үкіметі жанындағы әскери-өнеркәсіп комиссиясына басшылық жасайды.

Кездесу барысында әскери-экономика және әскери-техника салалары бойынша  екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстанның Ресеймен осы салалар бойынша ынтымақтастығы өзара тиімді әрі сындарлы негізде дамуда екендігі аталып өтті.

Кездесу кезінде Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірлескен кәсіпорындарды дамыту, сондай-ақ,  болашақта бірлескен жаңа жобаларды жасау жөніндегі нақты жоспар келісілді.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Ресей ӘШҚ Бірыңғай аймақтық жүйесін құру жөніндегі келісімді іс жүзіне асыру, құрылатын жүйені техникалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Тараптар әскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізу айтарлықтай өсіп отырғандығын атап өтті. Жалпы келіссөздер екі елдің қорғаныс өнеркәсібінің оң дамуын және тең  дәрежедегі ынтымақтастық негізінде өзара іс-қимыл жасайтынын қуаттап берді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар