Жаңа 2021 жыл АҚШ-тағы Капитолийді басып алу түрлі саяси оқиғалармен басталды. Дегенмен, қазіргі таңда әлем елдерін бір ғана мәселе мазалап тұр: «Коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қалай қалпына келтіреміз?». Болжам бойынша, биыл ішкі жалпы өнім баяу өспек. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы сұрақтарға жауап берілген.
Нью-Йорк университетінің Стерн бизнес мектебінің экономика профессоры Нуриэль Рубини қазіргі әлемдегі ахуалға шолу жасаған. Оның пайымдауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай егу басталғанымен, экономиканың қалпына келуі қиын. Өйткені дамуды тоқыратқан бұдан басқа да себептер жетерлік. Айта кетерлігі, автордың болжамы ең нашар сценарийге негізделіп жасалған.
Ирландияның бұрынғы президенті, БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарған, бүгінде The Elders тобының төрағасы Мэри Робинсон өз мақаласында Париж келісімі туралы әңгімелейді. Оның айтуынша, әлем елдері жаһандық жылынуға жол бермеу үшін өз міндеттерін адал орындауы керек. Әсіресе коронавирус дағдарысы шартараптың тізе қосып әрекет етуі қажет екенін көрсетті.
Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

НЬЮ-ЙОРК. Қаржы нарықтарындағы акциялар құны, әсіресе АҚШ-та 2020 жылдың соңына таман қайта өсті. Бұл коронавирусқа қарсы вакцина экономиканы V (экономикалық көрсеткіш белгісі) тәрізді қайта қалпына келтіруге жағдай жасайды деген үмітті оятты. Әлемнің дамыған елдеріндегі негізгі орталық банктер өте төмен пайыздық несие ұсынып, дәстүрлі емес ақша-кредит саясатын ұстануы акциялар мен облигациялардың одан әрі күшеюіне әкелді.
Бірақ мұндай үрдістер Wall Street (қаржы биржалары) пен Main Street (қарапайым халық) арасындағы айырмашылықты үлкейтіп, нақты экономиканың К (экономикалық көрсеткіш белгісі) тәрізді қайта қалпына келетінін аңғартты. Үйден жұмыс істеп, жинаған қоры жеткілікті «ақ жағалылар» үшін бәрі жақсы өтіп жатыр. Ал жұмыссыз немесе жалақысы төмен жұмысты атқарып, жартылай жұмыс істеп жүргендерге қиын тимек. Сондықтан пандемия 2021 жылы әлеуметтік наразылық дәнін сеуіп жатыр.
Коронавирус дағдарысы басталғанға дейінгі соңғы жылдары АҚШ-тағы акция нарығы байлығының 84 пайызы акционерлердің 10 пайызына тиесілі еді (Халықтың 50 пайызына жуығында акция бар). Қалған 50 пайызы мүлдем акция алмаған. АҚШ-тағы ең бай 50 миллиардердің байлығы қалған халықтың 50 пайызының табысынан көп (бұл шамамен 165 миллион адам). Коронавирус байлықтың шоғырлануын жылдамдатып жіберді. Себебі Main Street үшін жаман нәрсе Wall Street үшін жақсы. Жалақысы жоғары қызметкерлерді жұмыстан шығарып, кейіннен фриланстарды, жартылай жұмыс істейтіндерді немесе сағатпен жұмыс істейтіндерді жалдаған соң, бизнес өкілдері табысын ұлғайтып, акция құнын өсіре алады. Мұндай үрдіс уақыт өтсе да жалғаса бермек. Жасанды технология мен технологиялық үйренудің (AI/ML) жаппай қолданысқа енуі және жұмысшыны алмастыратын, табысқа негізделген, шеберлікке негізделген өзге де технологиялар бұған жол ашады.
Жаңа қалыптасқан нарықтар мен дамушы елдер үшін коронавирус пандемиясы рецессия ғана емес, Дүниежүзілік банк «пандемиялық депрессия» деп атаған ахуалға жеткізіп, 100 миллионнан астам адамды қайыршылық шегіне түсірді (күндік табысы 2 доллардан аз).
2020 жылдың алғашқы жартысында тоқыраған әлем экономикасы үшінші тоқсанда қайтадан қалпына келіп, V пішінді нәтиже көрсете бастады. Мұның басты себебі көптеген ел карантиндік шараларды жеңілдетуімен байланысты. Төртінші тоқсанда Еуропа мен Ұлыбритания W (экономикалық көрсеткіш белгісі) пішіндегі дағдарысты бастан өткеріп, қатаң каратиннің салдарынан екінші мәрте экономикасы тұралады. Пандемиялық шектеулерге саяси тұрғыда аса құмар емес АҚШ-тың өзінде үшінші тоқсандағы 7,4 пайыздық өсім 2020 жылдың соңғы тоқсанында 0,5 пайызға ғана өсті. 2021 жылдың бірінші тоқсанында да осындай жағдай сақталмақ.
Америкалықтар арасында індет жұғуы қарқынының қайта өршуі шығынды азайтуға итермеледі. Нәтижесінде, жалдамалы жұмыс, өндіріс көлемі мен капиталды шығындар азайды. Корпоративті саладағы және тұрғындар арасындағы қарыздың көптігі заем көлемінің төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынан шығындар азайып, дефолтты көбейтеді. Өз кезегінде соңғысы несие дағдарысына итермелейді. Өйткені жабылмаған несиелер банк балансын бұзады.
Әлемдік деңгейде жеке және мемлекеттік қарыз 2019 жылы ішкі жалпы өнімнің 320 пайызынан 2020 жылдың соңында ішкі жалпы өнімнің 365 пайызына дейін өсті. Әзірге жеңіл ақша саясаты фирмалар, үй шаруашылықтары, қаржы институттары, жекеменшіктерді, тіпті мемлекеттерді дефолт толқынынан сақтап қалды. Бірақ демографиялық қартаю мен Қытай-АҚШ текетіресі салдарынан туындаған тауар тапшылығы инфляцияның жоғарылауына әкеледі.
Дамыған елдерде W немесе U (экономикалық көрсеткіш белгілері) тәрізді қалпына келтіру байқалса да, оның салдары ұзаққа созылады. Капиталды шығындардың қысқаруы өнім көлемін азайтады. Ал ұзақ уақыт жұмыссыз отырып қалған немесе жұмыссыз жүргендер келешекте жұмыс тауып кетуі қиын. Бұл жағдайлар сауда, көші-қон, жаһандану және либералды демократияны одан әрі әлсіретіп, жаңа «прекариаттық» саяси дағдарысқа ұласады.
Коронавирус вакциналары әлемдегі 7,7 миллиард адамға тез және тең дәрежеде егілсе де, бұл қиындықты жеңілдетпейді. Логистикалық талаптарды (салқындатқышты қосқанда) және «вакцина ұлтшылдығы» мен жалған ақпараттан туындаған вакцинадан қорқу қаупінің артуын ескерсек, мұндай сценарийдің өзіне қол жеткізу қиын. Сонымен қатар қазіргі вакциналардың тиімділігі 90 пайыздан асқанымен, зерттеу нәтижесі әлі толық емес. Ғалымдардың айтуынша, коронавирус вакциналарының алғашқы тобы жыл сайынғы тұмауға қарсы вакциналар секілді 50 пайыздық тиімділікті көрсетсе, жолымыздың болғаны. Шынында, кей ғалымдар 90 пайыз тиімділікке күмәнмен қарайды.
Қауіптісі, 2021 жылдың соңында вирус жұқтырғандар саны қайта көбеюі мүмкін. Өйткені екпе алған адамдар (олар әлі де жұқпалы және иммунитеті қалыптаспауы мүмкін) маскасыз жабық жерде жиналуы ықтимал. Қалай дегенмен, егер Pfizer вакцинасы құтқарылудың кілті болса, неге оның бас директоры өзінің сынақ нәтижелерін жариялаған күні миллиондаған долларлық акцияны сатылымға шығарды?
Тағы бір айта кетерлігі, 2020 жылғы үлкен саяси оқиғада Джо Байден АҚШ президенттігіне сайланды. Өкінішке қарай, бұл экономикаға айтарлықтай өзгеріс әкелмейді, өйткені Конгрестегі республикашылардың кедергісі АҚШ-тың жағдайға қарай әрекет етуіне мүмкіндік бермейді. Байден сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымға көп қаражат жұмсауға мүмкіндігі жоқ. Корпорациялар мен ауқатты адамдар салықты көтере алмайды немесе Транс-Тынық мұхиты серіктестігі секілді жаңа сауда келісімдерін жасай алмайды. АҚШ тарапы Париж климаттық келісіміне қайта қосылып, одақтастықты қалпына келтіруге талпынғанымен, жаңа әкімшіліктің қолынан келетін нәрсе аз.
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы одан әрі өршіп, Тайваньға немесе Оңтүстік Қытай теңізін бақылауға байланысты әскери қақтығысқа әкелуі мүмкін. Бейжіңде немесе Вашингтонда кім билік басында болғанына қарамастан, қалыптасқан, бірақ әлсіреген гегемон мен енді басымдыққа қол жеткізген билік арасындағы қарама-қайшылыққа жол ашатын «Фукидид тұзағы» тасталды. Келешекте түрлі салаларды бақылауға жарыс күшейгенде 5G, AI/ML, үлкен деректерге сүйенетін мәліметтер, ақпараттар және қаржы ағындары, валюталар, төлем платформалары, тауарлар мен қызметтер саудасы, интернет саудасы, компьютерлік чиптер, операциялық жүйелер және басқа да технологиялардағы тартыс та артады.
Уақыт өте келе әлем екі бәсекелес жүйеге бөлінбек. Біріншісін АҚШ, Еуропа және бірнеше демократиялық – дамушы елдер бақылауына алса, екіншісі стратегиялық одақтастарын (Ресей, Иран және Солтүстік Корея) және тәуелді нарықтар мен дамушы елдерді кіріптар ететін Қытайдың бақылауында болады.
Жаһандық экономиканың ыдырауы және популистік авторитаризм мен теңсіздіктің тереңдеуі секілді тұрақты қауіп, жасанды технологияға негізделген жұмыссыздық, геосаяси қақтығыстардың артуы және жаһандық климаттың өзгеруі мен зооноздық пандемия (жануарлар экожүйесінің бұзылуы да бар) секілді адамзаттың өзі кінәлі апаттардың жиілеуін ескерсек, алдағы онжылдық тұрақсыздық және ұзаққа созылған хаос кезеңіне айналуы мүмкін. 2020 жыл – тек бастамасы ғана.
Нуриэль РУБИНИ,
Нью-Йорк университетінің Стерн бизнес мектебінің экономика профессоры және Roubini Macro Associates төрағасы, Клинтон әкімшілігі кезінде Ақүйдің экономикалық кеңесшілер кеңесінде халықаралық мәселелер бойынша аға экономист болған, Халықаралық валюта қорында, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінде және Дүниежүзілік банкте жұмыс істеген
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 15:09
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Бүгін, 14:39
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 14:05
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Бүгін, 13:59
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Бүгін, 13:18
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Бүгін, 12:16
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:42
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:17
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Бүгін, 10:25
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар