12 Желтоқсан, 2013

Тіркелу Құжаттамасын тапсыру рәсімі өтті

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Париждегі  штаб-пәтерінде осы ұйымға мү­ше-мемлекеттер қарауына Астана ЭКСПО-2017 Халық­ара­лық мамандандырылған көрмесінің Тіркелу Құ­жат­тамасын ресми түрде тапсыру рәсімі болып өтті.

Кеше Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Париждегі  штаб-пәтерінде осы ұйымға мү­ше-мемлекеттер қарауына Астана ЭКСПО-2017 Халық­ара­лық мамандандырылған көрмесінің Тіркелу Құ­жат­тамасын ресми түрде тапсыру рәсімі болып өтті.

Тіркелу Құжаттамасын ХКБ-ның Бас хатшысы Висенте Лосерталеске Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Ахметовтің арнайы жолдама хатымен бірге Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов тапсырды, деп хабарлайды СІМ-інің баспасөз қызметі. Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер тәртібі бойынша 2014 жылғы мау­сымда өтетін ХКБ-ның кезекті Бас ассамблеясында бұл Құжаттамалар бекітілгеннен кейін ЭКСПО-2017-ні өткізу мәселесі ресми түрде мойындалады. Осыдан кейін Қазақстан Халықаралық көрмеге қатысу мүмкіндігі бар мемлекеттермен арнайы келіссөздер жүргізеді және оларды ресми түрде шақырады. Тіркелуден өткеннен кейін Қазақстан экспо-сити құрылысын бастайды.

Құжаттама тапсыру рәсімінде ХКБ Бас хатшысы В.Лосерталес бұл негізгі құжаттарды дер кезінде дайындаудың маңыздылығын атап көрсетті. Ұйымның мүше-мемлекеттері ЭКСПО-2017-ні өткізу жөніндегі Астананың ұсыныс-пікірлерін қолдайтындығына сенім білдірді. Бас хатшы алдағы уақытта да бұл мәселе бойынша жан-жақты ынтымақтастық байланыс жасалатындығын атап көрсетті. Өз кезегінде Елші Нұрлан Дәненов біздің еліміздің осы халықаралық маңызды шараны жоғары дәрежеде өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындығына Бас хатшыны сендірді. Бұл шара біздің елімізде іс жүзіне асырылып жатқан «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарымен толық үндеседі. Сонымен бірге, Н.Дәненов ел Үкіметі атынан ХКБ басшысына көрсеткен көмегі  мен қолдауы үшін алғыс білдірді. 

«Егемен-ақпарат».

 

Соңғы жаңалықтар