Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Қырғызстан Жогорку Кенешінің 75 жылдығын мерекелеу шараларына қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан делегациясынан Асқар Бейсенбаев пен Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Тұрарбек Асанов құттықтау сөз сөйледі. Олар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құттықтауларын оқып берді.
Қырғыз парламентінің мерейтойына байланысты Жогорку Кенеш депутаттарын құттықтаған қазақстандық парламентшілер екі елдің халықаралық парламентаралық ұйымдар аясындағы және екіжақты өзара парламентаралық іс-қимылының маңызын атап өтті.