Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Нассер Буританы қабылдады. Ол осы елдің Кеңесшілер Палатасының Төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилланың жеке жолдауын жеткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Марокко Корольдігімен жан-жақты қатынастарды дамытуға ерекше маңыз береді. Біз Марокконы Солтүстік Африка аймағындағы беделді мемлекет ретінде білеміз», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Төрағаның пікірінше, екі елдің тікелей парламентаралық байланыстар орнатуы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге және халықаралық аренадағы күш-жігерді үйлестіруге ықпал ететін болады.
Қ.Тоқаев Марокконы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды және 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның ынтасын қолдайтынына сенім білдірді.
Жүздесушілер, сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Марокко Королі Мұхаммад VI-ның бастамалары тұрғысында дінаралық үнқатысуды дамыту және Ислам Ынтымақтастық Ұйымының аясында және өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.