12 Желтоқсан, 2013

Кеден қалғымайды

472 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Еліміз үшін маңызды мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының кеден органдары да өзінің 22 жылдығын атап өтеді. Кеденшілердің кәсіби мерекесімен қатар атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын жыл аяғы да келіп қалды. Осыған орай Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің басшысы, кеден қызметінің полковнигі Бақыт СӘТМАҒАНБЕТПЕН сұхбаттасқан едік.

Еліміз үшін маңызды мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының кеден органдары да өзінің 22 жылдығын атап өтеді. Кеденшілердің кәсіби мерекесімен қатар атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын жыл аяғы да келіп қалды. Осыған орай Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің басшысы, кеден қызметінің полковнигі Бақыт СӘТМАҒАНБЕТПЕН сұхбаттасқан едік.

– Бақыт Сегізбайұлы, соңғы жылдары елімізде заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметіне ерекше назар аударылуда. Департамент құқық қорғау блогының аяқталып бара жатқан жыл ішіндегі қызметін сіз қалай бағалар едіңіз?

– Құқық қорғау жүйесі тә­у­ел­сіз Қазақстанның дамуын­да маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау жүйесі әлеуметтік-эко­номикалық реформалардың жоғары тиімділікпен жүзеге асырылуына, зор табыстарға қол жеткізілуіне құқықтық тұрғыдан септігін тигізеді. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту үшін тұжырымдамалық міндеттерді іске асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жол­дауында да көрініс тапты. Қазіргі таңда құқық қорғау жүйесінің қызметіне мөлдірлік, айқындық тән. Құқық қорғау органдарына іріктеу қатая түсті. Құқық қорғау жүйесінің реформасы шеңберінде департаментте кезектен тыс аттестаттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қазір департаментте контрабандамен күрес жөніндегі және ішкі қауіпсіздік басқармасы атты екі басқармадан тұратын құқық қорғау блогы жұмыс істейді.

2013 жылы барлығы 11 қыл­мыстық іс қозғалды, олардың ішінен экономикалық контрабанда және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару фактілері бойынша мемлекетке келтірілген 40 миллион 600 мың теңге көлеміндегі зиян өтелді. Әкімшілік тәжірибе желісі бойынша 141 әкімшілік-құқық бұзушылық анықталып, оларға 5 миллион теңгеден аса айыппұл салынды және мемлекетке 8 миллион 700 мың теңге көлеміндегі нұқсан өтелді.

– Сыбайлас жемқорлықпен күресу қай уақытта да өзекті тақырыптардың бірі болып келеді. Сіздің департамент осы проблемамен қалай күресуде?

– 2012 жылы қазыналық блок қызметкерлерінің аттестаттаудан шығарылуы жүргізілді, департамент қызметкерлерінің 16 пайызы ғана погонымен қалды. 2013 жылдың ақпан айында Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаменті қазыналық блогының қызметкерлері Қа­зақ­стан Республи­касының ке­ден органдары арасында бі­рін­ші болып әкімшілік мем­ле­кеттік лауазымдарға көші­рілді. Департамент сыбайлас жем­қорлықпен күрес мемле­кет­тік бағдарламасын іске асыру мақсатында құқықтық база­ны жетілдіруге, азаматтық қо­ғам құры­лымдарымен өзара іс-қи­мыл жасауға, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мемлекеттік саясатты наси­хаттауға бағытталған ұйым­дас­тырушылық және тәжірибелік шаралар кешенін қабылдады.

Департаменттің сыбайлас жем­қорлық көріністеріне қарсы күрес жұмысының ақпараттық жа­ғын қамтамасыз ету үшін 7 дөңгелек үстел, 4 «тікелей же­лі» өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 53 мақала жарияланды, қыркүйек айында департамент «Нұр Отан» партиясының және «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының Қостанай облыстық филиалдарымен бірлесіп, «Ашық есік күнін» өткізді.

– Президенттің «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау» екені айқындалды. Ал­шақ ресімдеу орындары, оларды құрудағы мақсат пен оның нәтижесі туралы не айтасыз?

– Елімізде астықтан рекордтық өнім жиналған 2011 жылдың қарашасында оны өткізуден әлем­дік нарықты бағындырудың бәсекелік күресі де қызып тұрды. Осы жағдайда Қазақстанның Кеден одағына кіруін назарға ала отырып, 12 кеден бекеті жойылған болатын. Біздің департамент экспортталатын астықты тікелей артатын «Тобыл элеваторы», «Жаркөл элеваторы», «Сарыкөл элеваторы» акционерлік қоғамдары сияқты басқа да астық сақтау қоймалары мен астық қабылдау пункттері шоғырлана орналасқан елді мекендерден астықтың экспортын кедендік декларациялау бойынша алшақтатылған орындардың ашылуына бастамашылық етті. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап алшақтан ресімдеу ұстанымы бойынша астық экспортының кедендік операциялары Сарыкөл, Денисов және Октябрь елді мекендерінде тәулік бойы тәртібінде жүзеге асырылады.

Департаменттің бастамасы бойынша консультативтік ке­ң­­естегі талқылау нәтижесінде қыс­қартылған кеден бекеттерінің базасында қолданыстағыларға қосымша Әулиекөл, Федоров ауылдарында және Лисаков қаласында жаңадан кедендік операцияларды жүргізу орындары ашылды. Қазір департаменттің қызмет аймағында кедендік операцияларды жүргізудің 6 орны жұмыс істейді.

– Уәкілетті экономикалық операторлар институтының та­нымалдығы артып келеді. Аталмыш мәртебе алған сырт­қы экономикалық қызмет­ке қатысушылар қандай арты­қ­шылықтарға ие және Қос­та­най облы­сында мұндай жеңіл­діктерді кімдер пайдаланады?

– Иә, 2010 жылдан бастап уәкілетті экономикалық операторлар институты Кеден ода­ғының кеңістігінде танылып ке­леді. Бұл құрылымды енгізудің мақсаты кедендік қызмет пен бизнес қоғамдастығының өзара іс-қимыл жүйесін толыққанды дамыту, кедендік операцияларды оңайлату және жеделдету, сыртқы экономикалық қызметке адал ниетті қатысушылар үшін жағдай жасау, тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру, әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Кеден одағындағы уәкілетті экономикалық операторлар, бұл – кеден органдарының се­ні­­­мінен шыққан, оларға арна­йы оңайлатылған ресімдерді пайдалануға мүмкіндік берілетін заңды тұлғалардың белгілі санаты. Арнайы кедендік ре­сімдерді оңайлатуларды пай­далану кедендік операция­лар кезінде қаржылық және уа­қыт шығындарын азайтуға және логистикалық тізбекті оң­тай­ландыруға мүмкіндік береді. Барлық талаптардың орындалуы және барлық шарттардың сақталуы, сондай-ақ тиісті тізілімге енгізілуі жағдайында заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие болады және Кеден одағының Кеден кодексі және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Рес­публикасының Кодексінде қаралған арнайы оңайлатуларды пайдалана алады. Бұл ретте уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі оны берген Кеден одағына мүше мемлекеттің аума­­ғында ғана мойындалады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың пікірі бойынша мұндай мәртебенің болуы шаруашылық субъектісінің сыртқы экономикалық қызметін айтарлықтай жеңілдетеді, ал кәсіпорын Кодекстің 65-бабына сәйкес сыртқы экономикалық қызметке өзге қатысушыларға қарағанда бірқатар елеулі ар­тық­шылықтарға ие болады. Мысалы, Қостанай облысында үш кәсіпорын, яғни «Баян сұлу» акционерлік қоғамы, «RG Brands Kazakhstan» жа­уапкершілігі шектеулі серік­тестігінің «Космис» филиалы, «Стофарм» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі осындай мәр­тебеге ие.

– Кәсіби мерекеде әріптес­теріңізге қандай тілек айтар едіңіз?

– Кедендік бақылау депар­таментінің барлық жеке құра­мын кәсіби мерекемен құттық­таймын. Қызмет жолында табыс, жақындарына амандық, қуаныш, өмір жолында сәттілік, кемел келешек тілеймін. Әрда­йым егемендігіміз еңселі, тәуел­сіздігіміз тұғырлы болсын.

Әңгімелескен

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

 

Соңғы жаңалықтар