Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Еліміздің 7 облысында дауылды ескерту жарияланды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің 7 облысында дауылды ескерту жарияланды

15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

15 қаңтарда Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 15 қаңтарда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

15 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 15 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с. Орал қаласында 15 қаңтартұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

15-17 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі . 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 15, тәулік бойы 16 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады. Тараз қаласында 15-17 қаңтардакей уақытта тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

15-16 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 15 қаңтарда Атырау облысының кейжерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде 15 қаңтарда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.