12 Желтоқсан, 2013

Елу жылдан бергі жансерігім

502 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Республикалық «Еге­­мен Қазақ­стан» газеті – әр нөмірін асыға күтіп оқитын ең сүйікті басылымым. Оны алғаш рет қолға ұстап, сол тұста төрт бет болып шығатын газеттің әр парағын құмарта қарап өткеніме биыл жарты ғасыр болып қалыпты.

Республикалық «Еге­­мен Қазақ­стан» газеті – әр нөмірін асыға күтіп оқитын ең сүйікті басылымым. Оны алғаш рет қолға ұстап, сол тұста төрт бет болып шығатын газеттің әр парағын құмарта қарап өткеніме биыл жарты ғасыр болып қалыпты. Олай дейтінім, 1963 жылғы 22 сәуірде  бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту аудандық «Қызыл ту» газетіне әдеби қызметкер болып жұмысқа қабылданғаным әлі есімде. Газет редакторы көпті көрген мосқал кісі еді. Алдында жатқан бірнеше газетті ақтара қарап отырды да, оның көлемі үлкен біреуін алып шығып: «Журналист боламын десең осы га­зетті көп оқы, содан үйрен», – деді. Қолына ұстағаны республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті екен.

Содан былай мен қатардағы оқырман ретінде бұл газетті жақсы көріп кеттім. Тәуелсіздік жылдарында ол «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Соған байланысты оның ажары тіпті ашылып, егемен елдің нағыз егемен газетіне – елдіктің еңселі мінберіне айналды. Газеттің әр нөмірі полиграфиялық безендірілуі жағынан да, материалдарының сан саланы тереңдей әрі жан-жақты қамтып, мәселе көтеруі тұрғысынан да оқырманды өзіне тартып тұратынын ерекше атап өтуіміз керек. Менің жеке өзімді газеттің бірде-бір жария­ланымы бейжай қалдырған емес. Ал әр айдың аяғына қарай арнайы шығарылатын сәрсенбілік «Етжеңді» нөмірдің жөні мүлде бөлек. Ол нөмірді қызыға қолға алып, бір күнде қарап тауыса алмай, апта бойы оқып шығамыз.

Газеттің әр нөмірінен, әр жарияланымынан оқырман қауым өз керегін осылай тауып, өзіне рухани азық алады деп ойлаймын.

Есмұхамбет АЙТМАҒАМБЕТОВ,

баспасөз ардагері.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар