12 Желтоқсан, 2013

Ізгі ниетті басылым

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» ма­ған несімен ұнайды? Ең алдымен, бұл басылым – елдіктің жаршысы. Ізгі ниетті басылым. Онда тек қана салиқалы, салмақты дүниелер жариялануымен де құнды. Әсіресе, «Етжеңді» сандарын асы­ға күтемін.

«Егемен Қазақстан» ма­ған несімен ұнайды? Ең алдымен, бұл басылым – елдіктің жаршысы. Ізгі ниетті басылым. Онда тек қана салиқалы, салмақты дүниелер жариялануымен де құнды. Әсіресе, «Етжеңді» сандарын асы­ға күтемін. Ондағы мәнді де мазмұнды мақалаларды бөлек жинап қоямын. Ал он жылдан бері жыл сайын жеке-жеке жинақ болып жарияланып келе жатқан кітап нұсқасы – аталмыш айдардың тұрақты оқыр­­мандары үшін нағыз сыйлық. Менің өзімде осынау газет-кітаптардың түгел томы сақтаулы.

Ойымша, «Әлемге әй­гі­лі» атты авторлық ай­дардың мақалаларын да осылай жинақтап, жариялау керек. Белгілі тұлғалар, атақты қалалар мен мемлекеттер туралы мақалалар кім-кімді де қызықтырары сөзсіз. Менің өзім осы айдармен берілген дүниелерді оқыған соң «Германия күнделігі», «Польша сапарынан жазбалар» атты сапарнамалық мақалалар жаздым. Ол облыстық «Маңғыстау» газетінде жарияланды. «Егеменді» тұрақты оқып бастағалы түрлі тақырыпта өзім жазған шығармаларымды ұсынғым келеді. Бірақ жүрексінемін. Әзірге бұл басылымның белсенді оқырманы болғаным да жарайды.

Кейінгі жылдары бұл газеттің әр санында Маң­ғыстаудың жаңа­лықта­ры ғана жарияланып қоймай, өзекті мәселелері де жиі жазылатын болды. Біздер, жергілікті тұрғындар, аймағымыздағы ахуал туралы бас газетте мәселе көтерілсе, оның міндетті түрде оң нәтижесі болға­нын қалаймыз. Өйткені, оны Елбасы, Үкімет мүше­лері, шенді-шекпен­ділер түгел оқиды. «Халықтың көзі, құлағы, һәм тіліне» айналған газетті оқырман асыға күтеді. Заман талабына сай жаңарып, жаңғырып отырса деген тілегі де бар. Елдіктің сөзін  айтып, ха­лықты ұйыс­тыра түсетін бас газетке жазылу – әрбір елге жанашыр, жақсылыққа жаны құштар ағайынның парызы деп білемін және соған шақырамын.

Бақтыбай ЖАЙЛАУ,

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

технологиялар және  инжиниринг университеті

жастар ісі комитетінің төрағасы.

Ақтау.

Соңғы жаңалықтар