Коронавирус • 15 Қаңтар, 2021

Мемлекет басшысы еліміздің қазіргі кезеңдегі басты міндетін атады

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында еліміздің пандемияның ауыр салдарын еңсеріп келе  жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы еліміздің қазіргі кезеңдегі басты міндетін атады

«Біз ғана емес, күллі дүние жүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемияның салдарын еңсеру», дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың 21 жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналатынын алға тартады.

«Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды», дейді Президент.

Соңғы жаңалықтар