Желтоқсан айының қорытындысы бойынша халықтың инфляциялық күтулері біршама төмендеді. 2020 жылы желтоқсанда инфляциялық күтулердің сандық бағасы бір жыл алға, яғни 7,6%-ды құрады (2020 жылғы қарашада – 7,8%).
Келесі 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын не бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 50%-ға дейін (2020 жылғы қазанда 52%) төмендеді. Белгісіздік деңгейі үшінші ай қатарынан жоғары деңгейде сақталуда – респонденттердің 29%-ы өз күтулерін бағалауға қиналды (қарашада – 31%).
Бұл ретте өткен айда бағаның өсуін бағалауда азық-түлік өнімдеріне (2020 жылғы желтоқсанда – 88%, қарашада – 85%), атап айтқанда, өсімдік майына, нан-тоқаш өнімдері мен жармаға бағаның жылдам өсуін атап өткен респонденттердің үлесі жоғары болды.
Тұтынушылардың көңіл-күйінің жақсару тенденциясы қазіргі қаржылық жағдайды жақсы бағалау мен экономикалық дамудың оң нәтижелері арқасында қалыптасып отыр. Желтоқсанда ірі көлемде сатып алуға деген дайындық біршама өсті, дегенмен, іс жүзінде соңғы үш айда сатып алу саны азайды.