Бейсенбіге қараған түні Алматы қаласының төменгі бөлігінде орналасқан «Алатау-2» базары өртенді. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде, түнгі сағат 01:54-те базар төңірегіндегі бес сауда-қойма контейнері өртенген. 150 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген жалын сағат 03:13-те сөндірілді. Әзірге зардап шеккен адамдар туралы ақпарат айтылған жоқ.
Солтүстік айналымдағы «барахолка» атанып кеткен базарлар бұған дейін де бірнеше рет өртенген еді.17-қарашада болған соңғы өрт салдарынан «Құлагер» базарының 3800 шаршы метрі күлге айналды. Алдын ала жасалған болжам бойынша базарға қасақана от қойылған деген дерек бар. Ал қыркүйек айындағы өрт кезінде 3 бірдей базар өртеніп, 5 мың шаршы метрден астам аумақ өртке оранған-ды.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Gazeta.kz