Қоғам • 15 Қаңтар, 2021

Президент еліміздің болашағы кімдермен байланысты екенін айтты

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент еліміздің болашағы кімдермен байланысты екенін айтты

«Мықты инклюзивті қоғам құрудағы басты құрал – тиімді әлеуметтік саясат болып саналады. Адам дамуы индексінің көптеген көрсеткіштері бойынша елеулі прогреске қарамастан, Қазақстан жетекші елдерден артта қалып отыр. Адами капиталдың жоғары сапасы – Қазақстанды қоса алғанда, барлық мемлекеттердің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттігінің негізі. Әлем білім экономикасына бет бұрып жатыр. Бұл шындық», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, қазір Тәуелсіздік ұрпақтары саны жағынан еліміздің барлық азаматтарының жартысын құрайды.

«Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Еліміздің болашақтағы әл-ауқаты дәл солардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты», деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар