Қарағанды облысы Теміртау қаласында тұратын қария ең үлкен шыршаға «жарылғыш зат қойылды» деп тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды. Бұл туралы «31» телеарна хабарлады.
Қаладағы сауда үйлері бірінің алдына орнатылған шырша маңайынан «жарылғыш зат» табылмады. Артынан жұртшылықты әбігерге салған 62 жастағы азамат екені анықталды. Ол арақ ішкендіктен, әзілге бой алдырдым деп ақталмақшы болды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Жергілікті жерде осыған ұқсас екі рет осындай жағдай болды. Сол кезде кінәлі азаматтардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын білдік. Мұндай келеңсіздіктен барлығымыздың белгілі бір уақыттан ұтылатынымыз анық»,-дейді сауда орнының қауіпсіздік қызметінің бастығы Владимир Колено.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «31» телеарна