Үкімет • 15 Қаңтар, 2021

Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті ҚР Конституциясында көзделген тәртіппен құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады

Конституцияның 65-бабына сәйкес, республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Содан кейін Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына пікір білдіріп, Асқар Маминнің кандидатурасын қолдаған еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы құрамы жаңарған Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келетінін атап өтті.

Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің ширек ғасырлық белеске жеткені. Мемлекет басшысы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді.