Жергілікті Аль-Ватан басылымы хабарлағандай, қайғылы оқиға Эль-Кунейтраның батыс бөлігіндегі Рувейхина ауылында болған.
"Медициналық ақпарат көздері екі әскери адамның қайтыс болғанын, сондай-ақ қарулы террористік топтың Рувейхина ауылындағы армияға, яғни бақылау-өткізу пунктіне жасаған шабуылының салдарынан тағы екі әскери қызметкердің жарақат алғанын растайды", деп хабарлайды газет тілшісі.
Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Осыған орай 2017 жылдың соңында Сирия мен Ирак елдерінде "Ислам мемлекеті" террористік тобын жеңу туралы мәлімдеме жасалды.
Содан бері тараптардың жекелеген аудандарында содырларды тазарту жұмыстары қолға алынғанымен, бертінге дейін шешімін таппай отыр. Қазіргі уақытта Сирияны қайта қалпына келтіру, елдегі саяси сабақтастықты орнықтыру, сонымен қатар босқындардың оралуы күнтәрбіндегі күттірмейтін мәселелердің біріне айналды.