Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Әкім Таразидің шығармашылық кеші өтті.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Әкім Таразидің шығармашылық кеші өтті.
Сөйтіп, Әкім ағамыздың шығармаларын құрмет тұтушы оқырман көркемсөздің тереңіне бойлатар қаламгер туындыларымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Әдеби сұхбат қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мағлұматтарды алға тартты. Салиқалы ой, жарасымды әзіл қатар өрбіді. Әкім ағамыз оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Жазушыға арнап ақындар Серік Тұрғынбекұлы мен Бақытжан Тобаяқ жыр оқыды. Сырлы шумақтар мен жылы лебізге толы өнегелі кеш көзді ашып жұмғанша сырғып өте шықты.
Кеш соңында Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы сөз сөйлеп, Әкім ағаға денсаулық, шығармашылық табыс тіледі, оқу орны әзірлеген арнайы сыйлықты табыс етті. Ал студенттер Әкім Таразимен естелік суретке түсіп, абзал ағадан ақ бата алды.