13 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы  5 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес қаулы етемін:

1. Ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға және халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Олжас Омарұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2013 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.  

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 5 желтоқсан. № 706

Соңғы жаңалықтар