13 Желтоқсан, 2013

Астанада бокстан турнир өтеді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

boxing

14-15 желтоқсан күндері Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» республикалық турнирінің жартылай финалы мен финалы өтеді.Бұл туралы www.egemen.kz тілшісі хабарлады.

Биылғы бәсеке ел боксының 80 жылдық мерейтойына арналады.

14 желтоқсан күні сағат 15.00-де Астана қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары жартылай финалда кездеседі. Осы күні екінші жартылай финалда Қарағанды облысы және Маңғыстау облысының боксшылары шаршы алаңға шығады.

Жартылай финалға қатысатын төрт команданың үшеуі бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының жүлделерін жеңіп алған. Мысалы, Астана қаласының құрамасы  - 2010 жылы, Қарағанды облысының командасы  - 2011 жылы, Маңғыстау облысының өкілдері - 2012 жылы Қазақстан бокс федерациясының кубогының иегері атанды. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы екі рет  (2010, 2012 ж.ж.) осы турнирдің  финалына қатысты.

Тағы бір айта кететін нәрсе, «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» республикалық турнирінің жартылай финалы кезінде алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасындағы  жекпе-жектер өтеді. Бокс федерациясының хабарлауынша, келесі турнирде  әйелдер құрамасы ерлер құрамасымен бірге тең дәрежеде өнер көрсететін болады.

 15 желтоқсан күні сағат 15.00-де Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалы өтеді. Финалдан соң Қазақстан бокс федерациясының ең үздік номинациялары бойынша биылғы жылдың жеңімпаздары мен бокс ардагерлері марапатталады.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: www.kfb.kzV

Соңғы жаңалықтар