13 Желтоқсан, 2013

Қысқы Универсиада: бір алтын, бір күміс медаль

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ossipova 1

Осы күндері Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командасы бір-бір медальге ие болып үлгерді. Бұл туралы www.egemen.kzтілшісі хабарлады.

Біздің елге алғашқы жүлдені әйелдер арасында шаңғы жарысынан өткен сында Татьяна Осипова сыйлады. Ол 10 шақырымдық қашықтықта жарыс жолына шыққан Татьяна украиндық Катерина Григоренко мен фин қызы Марьяна Питкененнен озып, Универсиада чемпионы атанды. Осы күні тағы екі қазақстандық Марина Матросова мен Виктория Ланчакова жарысты төртінші және бесінші орынмен аяқтады.  Ал басқа шаңғышыларымыздан Анна Шевченко 19-шы, Ольга Мандрика 25-ші, Наталья Соковнина 41-ші орынды місе тұтты.

Ерлер арасында 15 шақырымдық скиатлон жарысында Марк Старостин күміс медаль иеленді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: www.kazsports.kzМ

Соңғы жаңалықтар