14 Желтоқсан, 2013

Қоғамдық кеңестің жұмысы сараланды

360 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің осы жылдағы қорытынды отырысы болып өтті, онда прокуратура органдарындағы өтініштермен жұмыс жүргізудің жай-күйі қаралды және кеңестің 2013 жылғы жұмысына қорытынды жасалды.

Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің осы жылдағы қорытынды отырысы болып өтті, онда прокуратура органдарындағы өтініштермен жұмыс жүргізудің жай-күйі қаралды және кеңестің 2013 жылғы жұмысына қорытынды жасалды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толық және дер кезінде қарау прокура­ту­ра органдары қадағалау қыз­ме­тінің басты және шешуші ба­сымдықтарының бірі болып айқындалған. Қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың отырысқа қатысушылардың назарын аударғанындай, өтініштерді қарау қазіргі таңдағы өзекті де маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ол азаматтардың маңызды проблемаларын шеше және конституциялық құқықтарын қорғай отырып, прокуратура органдарының күнделікті орындайтын ерен еңбегі.

Қарастырылып отырған мә­селе­ні талқылай келе, кеңес мүшелері мемлекеттік органдарға өтініш жасап және оған түбегейлі жауап­ алу мүмкіндігі азаматтардың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен бірге, осы органдарға деген сенім білдірудің маңызды белгісі болып табылатындығын атап көрсетті.

Соңғы бірнеше жылдар ішін­де прокуратура органдарына өтініш берудің тұрақты үрдісі қа­лыптасып келеді. Халықпен өзара байланысты жандандыру мақсатында прокуратура органдарына заң бұзушылықтар туралы арыз берудің тәртібін оңайлатуға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Мәселен, азаматтардың өті­ніш-арыздарына жедел түрде ық­пал ету мақсатында Бас про­куратураның жанынан ашылған Call-орталық 2011 жылдан бас­тап жұмыс істейді, сондай-ақ қазіргі таңда арыз берушілерді бейнеконференциялық байланыс арқылы «он-лайн» режім­де қабылдау мүмкіндігі қарас­ты­рылған. Осылайша, арызданушылар жол жүріп, шығын шығармай-ақ, қажетті мәліметті Бас про­куратураның басшылығына жеткізе алады.

Бұдан бөлек, үйден шықпай-ақ, интернет арқылы прокуратура органдарына арыздануға мүмкіндік беретін ақпараттық қызмет көрсету порталы құрылды. Сонымен қатар, өтініштерді халыққа қызмет көр­сету орталықтары арқылы қабыл­дау мәселесі пысықталып жатыр, ол да арызданушылардың про­куратура органдарына қол жеткізуін жылдамдатуға ықпал ететін болады.

2011 жылдан бастап прокуратура органдарында «Бизнес тірегі» атты жоба жұмыс істей бастады. Кез келген кәсіпкер Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтына кіру арқылы немесе SMS-хабарламасын жолдап, тексерістің заңдылығына көз жеткізе алады.

Мәселені талқылау барысында қоғамдық кеңестің мүшелері прокуратураның жұмыс жүргізу­дің осындай инновациялық нысандары мен заманауи әдістерін енгізуі арызданушылардың прокуратура органдарына жақындай түсуін едәуір жеңілдеткендігін атап көр­сетті. Бұл жұмысты одан әрі жетілдірудің негізгі жолдарына назар аудара отырып, айтылған ұсыныстар ескерілген жағдайда, прокуратура органдарының арыз­­дарымен жұмыс істеудегі құ­қық қорғаушылық әлеуеті арта тү­сетіндігі сөзсіз екендігі атап өтілді.

Кеңес отырысына қатысқан Бас прокурор Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысының «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамның сеніміне ие болу деңгейін арттыру құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде белгіленгендігін атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру барысында құрамы еліміздегі танымал қоғам қайраткерлерінен, депутаттық корпус, ғылыми қауым­дастық, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен тұратын Бас прокуратура қоғамдық кеңесінің прокурорлар мен азаматтық қоғам арасында пәрменді дәнекерге айналғандығына тоқталды.

Отырыстың қорытындысы ­бо­й­­ынша А.Дауылбаев кеңес­тің қо­ғамдық мәні зор байла­ныс­тырушылық рөлін ерекше атап көрсете отырып, оның мүшелеріне заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқарған жемісті еңбектері үшін алғыс айтты, деп хабарла­ды Қа­зақстан Республикасы Бас про­куратурасының баспасөз қызметі.

Алаш жұртының асқақ арманы орындалып, азаттықтың арайлы ақ таңы атқан айтулы мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласында мол мерекелік тартулар жасалуда. Кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов осы бүкілхалықтық мереке құрметіне елордадағы жаңа №10 амбулаториялық-емханалық кешенді ашты. 

Соңғы жаңалықтар