Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылы қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 890 кг болатын 21 099 құймаларды сатып алды. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 34% құрады. Бұл туралы Egemen.kz    Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Банк 2017 жылы тазартылған алтынмен өлшенген құймаларды сату және сатып алу бойынша халыққа арналған бағдарламасын іске қосты. Сіз алтын құймаларды Халық банкінде, Еуразиялық банкте, Jýsan Bank, Банк Центр Кредитте, сондай-ақ кейбір банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады. 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,57 тоннаны құрайтын 42 579 алтын құймасы сатылды. Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 граммнан тұрады.

2020 жылы сатып алушылар арасында 100 граммдық құймалар сұранысқа ие болды. Жалпы сатылымдағы оның үлесі 2020 жылы 28% - 5 859 дана. Одан кейін 20 грамм - 5 634 дана (27%) және 10 грамм - 4 994 дана (24%), 50 грамм - 2 622 дана (12%), 5 грамм - 1 990 дана (9%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сатылған.   

Бағдарлама басталғаннан бері жалпы салмағы 3,4 кг болатын 131 өлшенген құйма сатып алуға қабылданды. Бұл алтын құймалары ұзақ мерзімді инвестициялау мен жинақтау құралы болып табылатындығына байланысты. Әр құйма қорғаныс элементтерімен (құймалардың айна бетімен, микротекстпен және рельефті жиекпен) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және пакеттің ашылған-ашылмағандығын тексеруді жеңілдететін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныс қаптамасы сонымен қатар құйма үшін сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы мұқият сақтап, ораманы ашпаған жөн.