Үкімет • 21 Қаңтар, 2021

Өркен Бисақаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев берген өтінішіне сәйкес Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өркен Бисақаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылымында жұмыс істеген. 2019 жылғы мамырдан қыркүйек айына дейін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.