2021 жылдың 21 қаңтарында РФ Сыртқы істер министрлігінде өткен ТМД елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі аясында Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша Елші Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа ҚР мемлекеттік наградасы І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.
С. Лавровты еліміздің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттау оның Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесін бағалау болып табылады.