20 Сәуір, 2010

МӘЖІЛІСТІҢ КҮН ТӘРТІБІ АЙҚЫНДАЛДЫ

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілік етуімен палата бюросының отырысы өтті. Бюро шешіміне сәйкес сәрсенбі күнгі жалпы отырыста “Мәдениет туралы” Заңға ұсынылған то­лықтырулар бойынша Мәжіліс пен Сенат ара­сындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі ке­лісім комиссиясының ұсыныстары тыңдалатын болды. Депутаттардың талқысына кейбір заңнамалық актілерге еліміздің электрондық үкіметін дамыту мәселелерін қамтыған заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды. Мәжілістің жалпы отырысының күн тәр­ті­біне “Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобасы енгізілетін болды. Соны­мен қатар, “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заң­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы” заң жобасын талқыға салу көзделіп отыр. “Егемен-ақпарат”.